О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 января 2015 года № 39 "Об утверждении видов и форм документов об образовании государственного образца и Правил их выдачи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 января 2015 года № 39 "Об утверждении видов и форм документов об образовании государственного образца и Правил их выдачи"
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 655
- Қабылданған күні
- 11.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 11.11.2016 108267_155718.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.11.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014528
- ЭКБ идентификаторы
- 108267
- Редакция идентификаторы
- 108267_155718
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:18
0 «Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы
құжаттардың түрлері мен нысандарын
және оларды беру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 27 ақпанда № 10348 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақта:
18), 19), 20) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;»;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;»;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес үш тілде дипломға қосымшаның нысаны;»;
29 және 30) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;
30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес профессор ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары;»;
көрсетілген бұйрыққа 18, 19, 20, 21, 27, 29, 30 және 35-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Д.Ж. Ахмед-Заки) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық:
2015 жылғы 29 қарашадан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданысқа енгізілетін осы бұйрыққа 8-қосымшаның 2-тармағын;
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданысқа енгізілетін осы бұйрыққа 8-қосымшаның 3-тармағын;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрыққа 8-қосымшаның 4-тармағын;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрыққа 8-қосымшаның 5-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 655 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 18-қосымша
Нысан
Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом
__________________________________
__________________________________
(жоғары оқу орнының толық атауы)
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының ______ жылғы «___» ________ шешімімен (№ _____ хаттама)
____________________________________________
______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_____________________________________________
____________________________мамандығы бойынша
(мамандықтың коды және атауы)
_______________________________________________
БАКАЛАВРЫ
дәрежесі берілді.
Мемлекеттік аттестаттау
комиссиясының төрағасы ________/_______________
Ректор _______/ ____________________
Хатшы ________ / ____________________
М.О.
_______ жылғы «____» _______ ______________ қ.
ЖБ-Б № 0000001
Тіркеу нөмірі ___________
ішкі жағы/внутренняя сторона
Решением Государственной аттестационной комиссии
___________________________________________
___________________________________________
(полное наименование высшего учебного заведения)
от «____» __________ ______ года (протокол № _____)
___________________________________________
__________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии)
присуждена степень
БАКАЛАВР
___________________________________________
по специальности ____________________________
___________________________________________
____________________________________________
(код и наименование специальности)
By the decision of the State Attestation Committee of
___________________________________________
___________________________________________
(name of the higher education institution)
_________________________________________was
(graduate’s full name)
awarded the degree of BACHELOR of _______________
in _______________________________________
(code and name of the specialty)
Date «____» ______________ ________
ЖБ - Б № 0000001
«___»_____________ ______ года
г. ____________________
2 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 655 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 19-қосымша
Нысан
Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы үздік диплом
__________________________________
__________________________________
________________________________________
(жоғары оқу орнының толық атауы)
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының ______ жылғы «____» __________ шешімімен (№ _____ хаттама)
____________________________________________
___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
___________________________________________
__________________________________________
____________________________ мамандығы бойынша
(мамандықтың коды және атауы)
__________________________________________
БАКАЛАВРЫ
дәрежесі берілді.
Мемлекеттік аттестаттау
комиссиясының төрағасы ________ /_______________
Ректор ________/ ____________________
Хатшы ________ / ____________________
М.О.
______ жылғы «____» _____________ ___________ қ.
ЖБ-Б № 0000001
Тіркеу нөмірі ___________
ішкі жағы/внутренняя сторона
Решением Государственной аттестационной комиссии
________________________________________________
_______________________________________________
(полное наименование высшего учебного заведения)
от «____» ___________ _______ года (протокол № _____)
_______________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии)
присуждена степень
БАКАЛАВР
_____________________________________________
по специальности _____________________________
_____________________________________________
(код и наименование специальности)
By the decision of the State Attestation Committee of
_____________________________________________
____________________________________________
(name of the higher education institution)
________________________________________was
(graduate’s full name)
awarded the degree of BACHELOR of ___________
in __________________________________
(code and name of the specialty)
Date «____» ______________ ________
ЖБ - Б № 0000001
«___»_____________ ______ года г. __________________
3 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 655 бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 20-қосымша
Нысан
Біліктілік берілетін жоғары білім туралы диплом
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________
(жоғары оқу орнының толық атауы)
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының _____ жылғы «___» ________ шешімімен (№ _____ хаттама)
__________________________________________
___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)
____________________________________________
___________________________мамандығы бойынша
(мамандықтың коды және атауы)
__________________________________________
біліктілігі берілді
Мемлекеттік аттестаттау
комиссиясының төрағасы ________ /__________________
Ректор ________/ __________________
Хатшы ________ / __________________
М.О.
______ жылғы «____» ____________ _______________ қ.
ЖБ-Б № 0000001
Тіркеу нөмірі ___________
ішкі жағы/внутренняя сторона
Решением Государственной аттестационной комиссии
_____________________________________________
_____________________________________________
(полное наименование высшего учебного заведения)
от «____» ___________ ______ года (протокол № _____)
____________________________________________
_____________________________________________
(фамилия, имя, отчество) (при его наличии)
присвоена КВАЛИФИКАЦИЯ
______________________________________________
по специальности _______________________________
____________________________________________
(код и наименование специальности)
By the decision of the State Attestation Commission of
______________________________________________
_____________________________________________
(full name of the higher education institution)
the qualification of ______________________________________________
is conferred on
_______________________________________________
(graduate’s full name)
in (specialty)_____________________________________
______________________________________________
(code and name of specialty)
Date «____» ______________ _____
ЖБ - Б № 0000001
«___»_____________ ______ года г. ___________________
4 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 655 бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 21-қосымша
Нысан
Біліктілік берілетін жоғары білім туралы үздік диплом
__________________________________
__________________________________
________________________________________
(жоғары оқу орнының толық атауы)
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының _____ жылғы «___» _________________ шешімімен (№ _____ хаттама)
_________________________________________
__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)
_________________________________________
_______________________мамандығы бойынша
(мамандықтың коды және атауы)
_______________________________________
біліктілігі берілді
Мемлекеттік аттестаттау
комиссиясының төрағасы ________ /_______________
Ректор ________/ _________________
Хатшы ________ / _________________
М.О.
______ жылғы «____» ___________ ______________ қ.
ЖБ-Б № 0000001
Тіркеу нөмірі ___________
ішкі жағы/внутренняя сторона
Решением Государственной аттестационной комиссии
________________________________________________
_______________________________________________
(полное наименование высшего учебного заведения)
от «____» ____________ ______ года (протокол № _____)
________________________________________________
_________________________________________________
(фамилия, имя, отчество) (при его наличии)
присвоена КВАЛИФИКАЦИЯ
_______________________________________________
по специальности _________________________________
________________________________________________
(код и наименование специальности)
By the decision of the State Attestation Commission of
______________________________________________
______________________________________________
(full name of the higher education institution)
the qualification of _______________________________________________
is conferred on
_______________________________________________
(graduate’s full name)
in (specialty)_____________________________________
______________________________________________
(code and name of specialty)
Date «____» ______________ ______
ЖБ - Б № 0000001
«___»_____________ ______ года г. ____________________
5 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 655 бұйрығына 5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 27-қосымша
Нысан
Үш тілде дипломға қосымша
14. Теориялық білім беру:
№
Пән коды
Пән атауы
Кредит саны
ECTS
Баға
әріптік
балдық
дәстүрлі
15. Теориялық білім берудің кредиттер саны_______ Теориялық білім берудің ECTS кредиттерінің саны __
16. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен («__» _______20_____ж. _________ №___________ хаттама)
___________________ ________________________________білім бағдарламасы
_________________________________________________ мамандығы бойынша
______________________________________________________________берілді
(дәрежесі)
Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкестік деңгейі: ____________________________
Осы диплом Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі білім деңгейіне сәйкес кәсіби қызмет етуге құқық береді.
14. Теоретическое обучение:
№
Код
дисциплины
Наименование дисциплин
К-во кред
итов
ECTS
Оценка
буквенная
в баллах
трад.
15. Количество кредитов теоретического обучения_____количество кредитов ECTS теоретического обучения ___
16. Решением Государственной аттестационной комиссии (протокол № _____ от «_____» ____ 20 ____ г.)
присуждена ______________________________________________________________________
(степень)
по специальности _________________________________________________________________
образовательная программа ________________________________________________________
Уровень соответствия Национальной рамки квалификации: ______
Данный диплом дает право профессиональной деятельности в соответствии с уровнем высшего и послевузовского образования Республики Казахстан
14. Courses to be taken and examinations to be passed during the study period:
№
Course
code
Course
Number of credits
ECTS
Grade
letter equivalence
numeric equivalent points
traditional grade
15. Total number of credits on theoretical studies ______ Number of ECTS credits on theoretical studies ________
16. By the decision of the State Attestation Commission
(№ ____________ of «___» _____________________)
_________________________________________________________________________________________
was awarded
_________________________________________________________________________________________
(degree)
_________________________________________________________________________________________
Education program ___________________________________________________
qualification of ____________________________________________________
The given diploma enables the bearer to carry out professional activities in accordance with the Republic of Kazakhstan’s higher educational standards
6 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 655 бұйрығына 6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 29-қосымша
Нысан
Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілетін аттестат
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитетінің шешімімен
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________
мамандығы бойынша
ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН
ПРОФЕССОР (ДОЦЕНТ)
ғылыми атағы берілді.
Төраға
ДЦ № Астана қаласы
Решением
Комитета по контролю
в сфере образования и науки
Министерства образования и науки Республики Казахстан
___________________________________________
___________________________________________
присвоено ученое звание
АССОЦИИРОВАННОГО
ПРОФЕССОРА (ДОЦЕНТА)
по специальности _____________________________
By authority
of the Control Committee in Education аnd Science under
the Ministry of Education and Science
of the Republic of Kazakhstan
Title of ASSOCIATE PROFESSOR
in_________________________________________
conferred on
___________________________________________
7 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 655 бұйрығына 7-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 30-қосымша
Нысан
Профессор ғылыми атағы берілетін аттестат
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитетінің шешімімен
____________________________________________
____________________________________________
____________________________________________
____________________________________________
мамандығы бойынша
ПРОФЕССОР
ғылыми атағы берілді
Төраға
ПР № Астана қаласы
Решением
Комитета по контролю
в сфере образования и науки
Министерства образования и науки Республики Казахстан
_________________________________________________
_________________________________________________
присвоено ученое звание
ПРОФЕССОРА
по специальности
_________________________________________________
By authority
of the Control Committee in Education and Science under
the Ministry of Education and Science
of the Republic of Kazakhstan
Title of FULL PROFESSOR
in ________________________________________________
is conferred on specialty
_________________________________________________
8 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 655 бұйрығына 8-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 35-қосымша
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес әзірленген.
2 2. Осы Қағидалар мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды беру тәртібін белгілейді.
2 2-тарау. Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды беру тәртібі
3
3. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен, және белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.
4 4. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды:
1
1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;
2
2) әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.
5 5. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды:
1
1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;
2
2) әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.
6 6. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды:
1
1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары, докторантураның, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;
2
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен халықаралық мектептер береді.
7 7. «Қауымдастырылған профессор (доцент)» немесе «профессор» ғылыми атағы берілген адамдарға аттестат беріледі.
8
8. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға негізгі орта білім туралы куәлік, жалпы орта білім туралы аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, орта білімнен кейінгі білім туралы диплом, бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім бойынша диплом, сондай-ақ біліктілік берілетін жоғары білім туралы диплом, магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом, кәсіптік даярлау туралы куәлік беру үшін тиісті (емтихан, біліктілік, аттестаттау) комиссияның шешімі негіздеме болып табылады.
Интернатураны немесе резидентураны бітіргені туралы куәлікті беру үшін аттестаттау комиссиясының шешімі негіздеме болып табылады.
Түзету білім беру ұйымында білім алушыға білім туралы куәлікті беру үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негіздеме болып табылады.
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломын беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының (бұдан әрі – Комитет) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру жөніндегі бұйрығы негіздеме болып табылады.
Қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор аттестатын беру үшін Комитет төрағасының қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру жөніндегі бұйрығы негіздеме болып табылады.
9
9. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға негізгі орта білім туралы үздік куәлік, жалпы орта білім туралы үздік аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы үздік диплом, орта білімнен кейінгі білім туралы үздік диплом, жоғары білім туралы үздік диплом Қазақстан Респубдикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелері негізінде беріледі.
10 10. Білім туралы құжат тиісті шешім қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей салтанатты түрде білім алушының өзіне беріледі.
Құжатты жеке өзі алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ол үшінші тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ресімделген сенімхат бойынша беріледі.
3 3-тарау. Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру тәртібі
11 11. Білім туралы құжаттардың телнұсқалары және оларға қосымшалар (бұдан әрі – телнұсқа) жоғалған немесе бүлінген құжаттардың орнына, сондай-ақ, өзінің тегін (атын, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерткендерге беріледі.
Құжаттың телнұсқасын беру үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1 1) құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына оның мән-жайы баяндалған жазбаша өтініші;
2 2) білім алушының туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің (паспортының) көшірмесі;
3 3) тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім беру туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.
Телнұсқа өтініштің жоғары оқу орнында тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей беріледі.
Білім беру ұйымдары жабылған жағдайда жеке тұлғалар білім беру ұйымының тұрғылықты орны бойынша архивке жүгінеді. Мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары, ведомстволық және жекеменшік архивтер берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.
Құжаттардың телнұсқалары телнұсқа беру туралы шешім қабылданған сәтте қолданыста болған үлгідегі бланкілерде беріледі және оларға білім беру ұйымының басшысы, оның оқу ісі жөніндегі орынбасары қол қояды.
Жоғары оқу орындарын 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін бітірген түлектерге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың телнұсқасы беріледі.
Берілетін құжаттың бланкісінде жоғары оң жақ бұрышында «Түпнұсқаның орнына берілген № ______ телнұсқа» деген мөртаңба қойылады.
Жоғалған немесе бүлінген құжаттардың орнына «ғылым кандидаты», «ғылым докторы», философия докторы (PhD), «бейін бойынша доктор» дипломдарының, «қауымдастырылған профессор (доцент), «профессор» аттестаттарының телнұсқаларын беру үшін аталған тұлғаларға ғылыми дәрежелер немесе ғылыми атақтар беру туралы Комитет төрағасының бұйрықтары негіздеме болып табылады.