О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 28 декабря 2015 года № 432 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление архивов и документации Южно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 28 декабря 2015 года № 432 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление архивов и документации Южно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Оңтүстік Қазақстан облысының архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 432 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 34
- Қабылданған күні
- 19.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2016 99480_82955.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16U0003603
- ЭКБ идентификаторы
- 99480
- Редакция идентификаторы
- 99480_82955
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:25
0 «Оңтүстік Қазақстан облысының
архивтер және құжаттама басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ережені
бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің 2015 жылғы
28 желтоқсандағы №432 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №12 «Мемлекеттік мекемелер туралы» қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №432 «Оңтүстік Қазақстан облысының архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3543 тіркелген, 2016 жылғы 2 ақпанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының және оған қосымшаның бүкіл мәтіні бойынша:
«Оңтүстік Қазақстан облысының архивтер және құжаттама басқармасы» деген сөздер «Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының «Оңтүстік Қазақстан облысының архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже» деген қосымшасында:
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі тілдерді дамыту, архив ісін жүргізу және басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;
«2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері» деген тарауда:
14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«тілдерді оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз ету.»;
15-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстың аумағында тілдерді дамыту саласында, архив ісінде және құжат жасауда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 7-1) – 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
7-2) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
7-3) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
7-4) облыстық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;»;
17-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) облыста мемлекеттік тілді барынша дамытады, оның халықаралық беделін нығайтады;
6-2) Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуына ықпал жасайды.»;
«3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру» деген тарауда:
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. «Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.»;
20-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;
11-2) «Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржылық-шаруашылық қызметіне және оған берілген мүліктің сақталуына дербес жауапты болады;».
2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ә. Қаныбековке жүктелсін.
Д.Сатыбалды
Б.Жылқышиев
С.Қаныбеков
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
К.Мендебаев