О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 500 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга и контроля за соблюдением выполнения условий контрактов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 500 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга и контроля за соблюдением выполнения условий контрактов»
- Атауы (қаз.)
- «Келiсiмшарттар талаптарының орындалуын сақтауға мониторингті және бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 500 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 811
- Қабылданған күні
- 25.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2018 109492_333330.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014688
- ЭКБ идентификаторы
- 109492
- Редакция идентификаторы
- 109492_333330
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:11
0 «Келiсiмшарттар талаптарының орындалуын сақтауға мониторингті және бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 500 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Келiсiмшарттар талаптарының орындалуын сақтауға мониторингті және бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 500 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11762 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Келiсiмшарттар талаптарының орындалуын сақтауға мониторингті және бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Бақылау барысында құзыреттi органдар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган мониторинг деректерiн талдауды жүзеге асырады, сондай-ақ Заңға және 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар шарттардың шартарын сақтауы бойынша оларға тексеру жүргiзедi.».
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті (А.Ж. Шалабаев):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
___________________ Е. Сағадиев
2016 жылғы «___»___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі
___________________ Т. Дүйсенова
2016 жылғы «___»___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы «___»___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
___________________ Қ. Бозымбаев
2016 жылғы «___»___________