Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 28 июля 2015 года № 502 «Об утверждении форм отчетов об инвентаризации парниковых газов»

Бұйрық · № 6 · қабылданған 14.01.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2015-no-502/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 28 июля 2015 года № 502 «Об утверждении форм отчетов об инвентаризации парниковых газов» Күшін жойған Бұйрық ·№ 6 ·14.01.2016
04.08.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 28 июля 2015 года № 502 «Об утверждении форм отчетов об инвентаризации парниковых газов»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 6 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 28 июля 2015 года № 502 «Об утверждении форм отчетов об инвентаризации парниковых газов»
Атауы (қаз.)
«Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6
Қабылданған күні
14.01.2016
Көрсетілген редакция
04.08.2021 99422_533976.kaz
Соңғы өзгеріс
04.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013112
ЭКБ идентификаторы
99422
Редакция идентификаторы
99422_533976
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:10

0 «Парниктік газдарды түгендеу туралы

есептің нысандарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Энергетика
Министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 28 шілдедегі № 502
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11818 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 тамызда «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік субъектілері үшін парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанында:
4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қайда ұсынылады: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2)осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің
төрағасының міндетін атқарушы
_____________ Б. Иманәлиев
2016 жылғы 19 қаңтар

Қолданыстағы