Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 515 «Об утверждении Правил размещения наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования

Бұйрық · № 1152 · қабылданған 04.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2015-no-515/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 515 «Об утверждении Правил размещения наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования Күшін жойған Бұйрық ·№ 1152 ·04.12.2015
06.06.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 515 «Об утверждении Правил размещения наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1152 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 515 «Об утверждении Правил размещения наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования
Атауы (қаз.)
«Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 515 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1152
Қабылданған күні
04.12.2015
Көрсетілген редакция
06.06.2019 97944_410516.kaz
Соңғы өзгеріс
06.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012576
ЭКБ идентификаторы
97944
Редакция идентификаторы
97944_410516
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:17

0 «Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы

28 сәуірдегі № 515 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 515 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12099 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 34) тармақшасына сәйкес әзірленген және халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде жарнама құрылыстарында, жылжымалы және жылжымайтын объектілерде жарнама бейнелері мен жазбаларын салу мен жазудың өзге де тәсілдерімен және плакаттар, транспаранттар, жалаулар, стендтер, жарық беруші таблолар, билбордтар, стеллалар, нұсқағыштар, афишалар түрінде сыртқы көрнекі жарнаманы орналастыру тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Оң шешім қабылданған жағдайда объектіні жолға байланыстыру жүзеге асырылады және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспорт ресімделеді, онда сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспорттың қолданылу мерзімі, объект бойынша және оған таяу жерде қозғалысты ұйымдастырумен бірге объектіні халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолына орналастырудың схемасы мен сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің эскизі қоса беріледі.»;
қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықаралық және республикалық маңызы
бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарының жолға бөлінген белдеуінде
сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру
қағидаларына қосымша».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ак оның алғаннан кейін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізі үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 9 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________ Е. Досаев
2015 жылғы 8 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 7 желтоқсан

Қолданыстағы