О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июля 2015 года № 597 «О некоторых вопросах Государственной молодежной премии «Дарын»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июля 2015 года № 597 «О некоторых вопросах Государственной молодежной премии «Дарын»
- Атауы (қаз.)
- «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 340
- Қабылданған күні
- 22.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2023 156054_646921.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000340
- ЭКБ идентификаторы
- 156054
- Редакция идентификаторы
- 156054_646921
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:03
0 «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі
№ 597 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларында:
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, ғалымдардан, шығармашыл қызметкерлерден, қоғам қайраткерлерінен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінен, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдардан құрылады.»;
9-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) банктік шоттың болуы туралы анықтаманың көшірмесі;»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Сыйлыққа ие болған адамдарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы тапсырылады.»;
16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган тиісті жылдың жиырмасыншы желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде ақшалай сыйлықақыны сыйлық лауреатының банктік шотына аударады.»;
көрсетілген қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
3 «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
«Дарын» мемлекеттік жастар
сыйлығын беру қағидаларына
қосымша
Нысан
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға
арналған тіркеу өтінімі
1. Тегі _________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса)_________________________________________________
2. Туған күні____________________________________________________________
3. Ұсынушы ұйымдардың толық атауы _____________________________________
______________________________________________________________________
4. Номинация __________________________________________________________
5. Білімі _______________________________________________________________
______________________________________________________________________
6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса) ______________________________
7. Ағымдағы қызметі (кандидаттың жұмыс орны, лауазымы/оқу орны)___________
________________________________________________________________________
___________________________________________________
8. Жұмыс өтілі (жұмыс істейтін азаматтарға) ________________________________
9. Тұрғылықты мекенжайы ______________________________________________
10. Байланыс телефоны __________________________________________________
11. Электрондық пошта __________________________________________________
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларының 9-тармағына сәйкес
өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1.
2.
Ұйым басшысы __________________ ______________________
(қолы) Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
Мөр қою орны
(бар болса)
20__ жылғы «___»_________
_______________________