О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 мая 2015 года № 650 «Об утверждении Типовых требований по обустройству и техническому оснащению транспортно-логистических центров»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 мая 2015 года № 650 «Об утверждении Типовых требований по обустройству и техническому оснащению транспортно-логистических центров»
- Атауы (қаз.)
- «Көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 650 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 36
- Қабылданған күні
- 20.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 20.01.2023 178214_619494.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031756
- ЭКБ идентификаторы
- 178214
- Редакция идентификаторы
- 178214_619494
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:35
0 «Көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 650 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 650 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №11694 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарда:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. КЛО алаңы қажеттілік болған жағдайда КЛО жалпы ауданынан кемінде 20 % кеңейту мүмкіндігімен жүк ағынына байланысты. КЛО алаңы мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) қойма аймағы КЛО жалпы алаңының кемінде 40 %;
2) тұрақ үшін алаң КЛО жалпы алаңының кемінде 15 %;
3) терминал аймағы КЛО жалпы алаңының кемінде 15 %;
4) контейнерлік алаң КЛО жалпы алаңының кемінде 15 %.
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. КЛО әкімшілік ғимараттарында байланыстың серверлік тораптарын орналастыру үшін үй-жайлар қарастырылады.»;
21-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өртті жоюды және адамдарды қауіпсіз жерге көшіруді (ұйғарынды өрт қатерін есепке алып) ұйымдастыру мақсатында өрт туралы хабарландыру жүйелерін және өрт сөндіру қондырғыларын қосу үшін қажетті уақытта өртті автоматты түрде анықтауды, өңдеуді, өрт туралы хабарландыруды белгіленген түрде беруді қамтамасыз ететін, объектілерде монтаждалған және жалпы өрт бекетінен бақыланатын жобалау құжаттамасына сәйкес өрт дабылын, өрт сөндіруді және өрт туралы адамдарды хабарландыру жүйесін орнатудың жиынтығынан тұратын өрт сөндіру автоматикасының жүйесі;
34-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жобалау құжаттамасына сәйкес өрт дабылы жүйесінің мен автоматты өрт сөндіру жүйесінің болуы;»;
35-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жобалау құжаттамасына сәйкес өрт дабылы жүйесі мен автоматты өрт сөндіру жүйесінің болуы;».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік саясаты және инфрақұрылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйры алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі