О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 мая 2015 года № 662 «Об утверждении типовых учебных программ по специальностям в области водного транспорта»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 мая 2015 года № 662 «Об утверждении типовых учебных программ по специальностям в области водного транспорта»
- Атауы (қаз.)
- «Су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 06.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 06.01.2020 138410_438139.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000019874
- ЭКБ идентификаторы
- 138410
- Редакция идентификаторы
- 138410_438139
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:37
0 «Су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13689 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрыққа 1-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Сызба геометриясы және инженерлік графика» пәні бойынша типтік оку бағдарламасы (пән коды – SGIG 1204, кредиттер көлемі – 3) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 8-1-тармағына және «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.»;
осы бұйрыққа 2-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Теңіз техникасы мен технологиясының ғылыми-техникалық мәселелері» пәні бойынша типтік оку бағдарламасы (пән коды – TTGTM 6301, кредиттер көлемі – 2) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 8-1-тармағына және «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі