О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 693 «Об утверждении Правил сбора, обобщения и анализа отчетности государственных закупок, в том числе порядка формирования отчетности государственных закупок»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 693 «Об утверждении Правил сбора, обобщения и анализа отчетности государственных закупок, в том числе порядка формирования отчетности государственных закупок»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау қағидаларын, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 693 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 295
- Қабылданған күні
- 18.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2025 165458_736566.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027183
- ЭКБ идентификаторы
- 165458
- Редакция идентификаторы
- 165458_736566
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:03
0 «Мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау қағидаларын, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 693 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау қағидаларын, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 693 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12734 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау қағидаларында, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібінде:
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 _____ жылдың ____ айына ___________________________________ (тапсырыс берушінің атауы) мемлекеттік сатып алудың көлемдері туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 18 наурыздағы
№ 295 Бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік сатып алу есептілігін
жинау, қорыту және талдау қағидалары,
оның ішінде мемлекеттік сатып алу
есептілігін қалыптастыру тәртібіне
4-қосымша
Нысан
_____ жылдың ____ айына ___________________________________
(тапсырыс берушінің атауы)
мемлекеттік сатып алудың көлемдері туралы ақпарат
р/с №
Тапсырыс беруші
Орындалған мемлекеттік сатып алу шарттарының саны
Орындалған мемлекеттік сатып алу шарттарының сомасы
Елішілік құндылық, %
Шарттар нысаналарының саны
Оның ішінде
тауарлар
жұмыстар
қызметтер
Сомасы, барлығы
отандық тауар өндірушілер
елішілік құндылық, %
Сомасы, барлығы
Жұмыстарды отандық жеткізушілер
елішілік құндылық, %
барлық сомасы
көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілер
елішілік құндылық, %
Жиыны