Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2015 года № 961 «Об утверждении Правил выплаты ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке»

Қаулы · № 239 · қабылданған 21.04.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2015-no-961-ekb-101720/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2015 года № 961 «Об утверждении Правил выплаты ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке» Қолданыста Қаулы ·№ 239 ·21.04.2016
21.04.2016 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2015 года № 961 «Об утверждении Правил выплаты ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке»

Қолданыста Қаулы ·№ 239 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2015 года № 961 «Об утверждении Правил выплаты ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке»
Атауы (қаз.)
«Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 28 қарашадағы № 961 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
239
Қабылданған күні
21.04.2016
Көрсетілген редакция
21.04.2016 101720_74347.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000239
ЭКБ идентификаторы
101720
Редакция идентификаторы
101720_74347
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:28

0 «Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 28 қарашадағы № 961 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1.«Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 28 қарашадағы № 961 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 59-60-61, 480-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларында:
2-тармақта:
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды алушы – Конституциялық заңның 35-бабының 1 және 2-1-тармақтарына сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға өтініш берген отставкадағы, оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін отставкаға шыққан судья;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Отставкадағы судья (бұдан әрі – өтініш беруші) соңғы лауазымында істеген жұмыс орны бойынша уәкілетті органға осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындау (қалпына келтіру) туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында белгіленген, түпнұсқасымен салыстыру кезінде уәкілетті органның мөртаңбасымен расталған, судьяның еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Уәкілетті орган отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және (немесе) еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы төлемдерін тоқтату үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.»;
19-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтату туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорация хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынады.»;
22 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеу:
1) Конституциялық заңның 35-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен судьяның отставкасы тоқтатыла тұрған жағдайда тоқтатыла тұрады және судьяның отставкасы қалпына келтірілген жағдайда қалпына келтіріледі;
2)отставкадағы судья Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатынан ақы төленетін лауазымды атқарған жағдайда тоқтатыла тұрады.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатынан ақы төленетін лауазымды атқаруы тоқтатылған жағдайда, судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеу қайта басталады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайларда өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеуді тоқтату, қалпына келтіру өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеуді тоқтата тұру (қалпына келтіру) туралы бұйрықтың негізінде жүзеге асырылады.»;
«25. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеу тоқтатылған немесе қалпына келтірілген жағдайда уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеудің тоқтатылғаны немесе қалпына келтірілгені туралы хабарлама жібереді.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларына 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1 ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 21 сәуірдегі
№ 239 қаулысына
қосымша
Отставкадағы судьяға өмір
бойғы ай сайынғы
қамтылым төлеу
қағидаларына
1-қосымша
Отставкадағы судьяға өмір
бойғы ай сайынғы
қамтылым төлеу жөніндегі
уәкілетті органға
кімнен ____________________
Т.А.Ә. (егер бар болса)
__________________________
___________________________
мекенжайы:
_________________________
ӨТІНІШ
Отставкадағы судья ретінде маған өмір бойғы ай сайынғы қамтылым тағайын-
дауды (қалпына келтіруді) сұраймын.
Судья ретінде жұмыс өтілімім_______________________ құрайды.
___________________________________________________________сотының судьясы
(төрағасы, алқа төрағасы) лауазымындағы соңғы жұмыс орным ___________________
_______________________________________________.
Көрсетілген лауазымнан:
Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының «______»__________№ _____
____________ қаулысының;
Қазақстан Республикасы Президентінің ______ жылғы «______»__________№ _______
___________ Жарлығының негізінде босатылдым.
(керектісін толтырыңыз)
Өтінішке қоса беремін:
1.____________________________________________________________
2.____________________________________________________________
3.____________________________________________________________
4.____________________________________________________________
____________________________________________________________
Өзім ұсынған құжаттардың дұрыстығы үшін құқықтық жауапкершілік аламын.
Барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан
Республикасының аумағынан тыс жерлерге шығу), анкеталық деректердің, банктік
деректемелердің өзгергені туралы он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауға
міндеттенемін.
Бұрын басқа ведомстводан зейнетақы төлемдері тағайындалғанын/тағайындалмағанын
хабарлаймын.
(керектісінің астын сызыңыз)
Менің жеке деректерімді өңдеуге келісім беремін.
Өтініш берушінің қолы ___________ 20___ ж. ________ «__»_______
_____________

Қолданыстағы