О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 28 декабря 2015 года №38/273 «Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, захоронение и утилизацию коммунальных отходов по Бейнеускому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 28 декабря 2015 года №38/273 «Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, захоронение и утилизацию коммунальных отходов по Бейнеускому району»
- Атауы (қаз.)
- Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №38/273 «Бейнеу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/25
- Қабылданған күні
- 23.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2019 105176_389388.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16MC003112
- ЭКБ идентификаторы
- 105176
- Редакция идентификаторы
- 105176_389388
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:39
0 Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №38/273 «Бейнеу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №10-11-112 ақпараттық хатының негізінде, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №38/273 «Бейнеу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2929 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейнеу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы»;
2) 1 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейнеу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері осы шешімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
3) көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (Б.Түйешиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркеуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Бейнеу аудандық тұрғын үй -
коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі» мемлекеттік мекеме
басшысының міндетін атқарушы
Т.Нұрмағанбетов
«23» маусым 2016 жыл
4 Бейнеу аудандық мәслихатының
2016 жылғы 23 маусымдағы
№3/25 шешіміне қосымша
Бейнеу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері
Р/с
Нысан
Есептік бірлік
Құны, теңге
1.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифі
1 текше метр
1276,79
2.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифі
1 текше метр
3028,94