О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 105 «Об утверждении Инструкции по расчету ставки прибыли на регулируемую базу задействованных активов субъектов естественных монополий в области телекоммуникаций и универсальных услуг почтовой связи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 105 «Об утверждении Инструкции по расчету ставки прибыли на регулируемую базу задействованных активов субъектов естественных монополий в области телекоммуникаций и универсальных услуг почтовой связи»
- Атауы (қаз.)
- «Телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердің реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 392/НҚ
- Қабылданған күні
- 12.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 12.07.2024 198710_710055.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034729
- ЭКБ идентификаторы
- 198710
- Редакция идентификаторы
- 198710_710055
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:34
0
«Телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердің реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердің реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13296 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 114) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердің реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөнiндегi нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердің реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөнiндегi нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 114) тармақшасына сәйкес әзірленді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.