О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 107 "Об утверждении Перечня интернет-ресурсов государственных органов и объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства", закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 107 "Об утверждении Перечня интернет-ресурсов государственных органов и объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства", закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства"
- Атауы (қаз.)
- "Электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 160
- Қабылданған күні
- 21.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2016 107281_126372.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014354
- ЭКБ идентификаторы
- 107281
- Редакция идентификаторы
- 107281_126372
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:43
0 «Электрондық үкiметтiң»
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымының операторына
бекітіп берілетін мемлекеттік
органдардың интернет-ресурстарының
және «электрондық үкiметтiң»
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымы объектілерінің
тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушысының 2016 жылғы
28 қаңтардағы № 107
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңы 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітілген мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті (Ж.З. Жахметова):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5 5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың
1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің 21 қыркүйектегі
№ 160 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрінің міндетін
атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107
бұйрығымен бекітілген
«Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі