О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 107 «Об утверждении Перечня интернет-ресурсов государственных органов и объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 107 «Об утверждении Перечня интернет-ресурсов государственных органов и объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства»
- Атауы (қаз.)
- «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 61
- Қабылданған күні
- 18.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2017 110527_167670.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700014900
- ЭКБ идентификаторы
- 110527
- Редакция идентификаторы
- 110527_167670
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:08
0 «Электрондық үкiметтiң»
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымының операторына
бекітіп берілетін мемлекеттік
органдардың интернет-ресурстарының
және «электрондық үкiметтiң»
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымы объектілерінің
тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті (Ж.З. Жахметова) белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және
коммуникациялар
министрінің 2017 жылғы
18 ақпандағы
№ 61 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушысының 2016 жылғы
28 қаңтарындағы № 107
бұйрығымен бекітілген
«Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы
объектілерінің тізбесі
1 1. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары:
1 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсы;
2 2) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсы;
3 3) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсы;
4 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің интернет-ресурсы;
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсы;