Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 107 «Об утверждении Перечня интернет-ресурсов государственных органов и объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства»

Бұйрық · № 241 · қабылданған 31.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2016-no-107-ekb-122935/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 107 «Об утверждении Перечня интернет-ресурсов государственных органов и объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства» Қолданыста Бұйрық ·№ 241 ·31.05.2018
31.05.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 107 «Об утверждении Перечня интернет-ресурсов государственных органов и объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства»

Қолданыста Бұйрық ·№ 241 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 107 «Об утверждении Перечня интернет-ресурсов государственных органов и объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства»
Атауы (қаз.)
«Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
241
Қабылданған күні
31.05.2018
Көрсетілген редакция
31.05.2018 122935_334180.kaz
Соңғы өзгеріс
31.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017037
ЭКБ идентификаторы
122935
Редакция идентификаторы
122935_334180
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:15

0

«Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген, «Әділет» нормативті-құқықтық актілер ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті (Хатиев А.Н.) белгіленген заңнамалық тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы Ақпарат
және коммуникациялар министрінің
2018 жылғы 31 мамырдағы
№ 241 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушысының
2016 жылғы 28 қаңтарындағы
№ 107 бұйрығымен
бекітілген
«Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі

1 1. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары:

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсы;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсы;
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің интернет-ресурсы;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсы;
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсы;
Қызылорда облысы әкімдігінің интернет-ресурсы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурстары (economy.gov.kz, kds.gov.kz, kremzk.gov.kz, kzpp.gov.kz);
Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсы;
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының интернет-ресурсы;
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсы;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсы;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аэроғарыш комитетінің интернет-ресурсы;
Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсы.

2 2. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілері:

1 1) ақпараттық жүйелер:

«электрондық үкіметтің» веб-порталы;
«электрондық үкіметтің» шлюзі;
«Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
«Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
«Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі;
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі;
«Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі;
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың интранет-порталы» ақпараттық жүйесі;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;
кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
тәуекелдерді селективті бақылау және басқару;
сыртқы сауда кеден статистикасының деректеріне қолжетімділікті статистикалау, талдау және ұйымдастыру;
голографиялық қорғау элементі бар есептік-бақылау маркасын пайдалана отырып, алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау;
акциздік өнімдердің және мұнай өнімдері жеке түрлерінің өндірілуі мен айналымын бақылау (Акциз);
интеграциялық деректер қоймасы;
«Web-декларант» электрондық декларациялау кешені;
қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
«АХАЖ» ақпараттық жүйесі;
«Жылжитын мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі;
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
«e-learning» электрондық оқыту ақпараттық жүйесі;
«Салық төлеуші кабинетінің Web-қосымшасы» ақпараттық жүйесі;
«Салық есептілігін өңдеу жүйесі» ақпараттық жүйесі;
«Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың өнеркәсіптік платформасы» ақпараттық жүйесі;
«Ықпалдастырылған салықтық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі;
«Деректерді бірыңғай сақтау орны» ақпараттық жүйесі;
«Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот» ақпараттық жүйесі;
«ҚР Қаржымині МКК Web-порталы» ақпараттық жүйесі;
«Салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімі» ақпараттық жүйесі;
«Электрондық шот фактуралары» ақпараттық жүйесі;
«Жедел басқару орталығы» ақпараттық жүйесі;
«Интеграцияланған кедендік тариф» ақпараттық жүйесі;
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мобильді офисі» ақпараттық жүйесі;
«Қазақстан Республикасының электрондық нысандағы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесі.

2 2) аппаратты-бағдарламалық кешендер:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аппаратты-бағдарламалық кешені.

Қолданыстағы