О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 107 «Об утверждении Перечня интернет-ресурсов государственных органов и объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 107 «Об утверждении Перечня интернет-ресурсов государственных органов и объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства»
- Атауы (қаз.)
- «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 396/НҚ
- Қабылданған күні
- 21.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 21.10.2020 147822_488992.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021505
- ЭКБ идентификаторы
- 147822
- Редакция идентификаторы
- 147822_488992
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:13
0 «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы
объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және электрондық үкіметтің «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі бекітілсін.»;
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркісібі Министрінің
2020 жылғы 21 қазаны № 396/НҚ
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 107 бұйрығымен бекітілген
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі
1 1. Ақпараттық жүйелер:
1 1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы;
2 2) «электрондық үкіметтің» шлюзі;
3 3) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
4 4) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
5 5) «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
6 6) «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі;
7 7) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі;
8 8) «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
9 9) «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі;
10 10) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталы» ақпараттық жүйесі;
11 11) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;
12 12) кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
13 13) тәуекелдерді селективті бақылау және басқару;
14 14) статистика, талдау, сыртқы сауда статистикасының деректеріне қолжетімділікті ұйымдастыру;
15 15) голографиялық қорғау элементі бар есептік-бақылау маркаларын пайдаланумен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау;
16 16) акцизделген өнімнің және мұнай өнімдері жеке түрлерінің өндірілуі мен айналымын бақылау (Акциз);
17 17) интеграциялық деректер қоймасы;
18 18) «Web-декларант» электрондық декларациялау кешені;
19 19) қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
20 20) «АХАЖ» ақпараттық жүйесі;
21 21) «Жылжитын мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі;
22 22) «Ұлттық зияткерлік меншік институты» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
23 23) «e-learnіng» электрондық оқыту ақпараттық жүйесі;
24 24) «Салық төлеуші кабинетінің Web-қосымшасы» ақпараттық жүйесі;
25 25) «Салық есептілігін өңдеу жүйесі» ақпараттық жүйесі;
26 26) «Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың өнеркәсіптік платформасы» ақпараттық жүйесі;
27 27) «Интеграцияланған салық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі;
28 28) «Деректерді бірыңғай сақтау орны» ақпараттық жүйесі;
29 29) «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот» ақпараттық жүйесі;
30 30) «ҚР Қаржымині МКК Web-порталы» ақпараттық жүйесі;
31 31) «Салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің тізілімі» ақпараттық жүйесі;
32 32) «Электрондық шот фактуралар» ақпараттық жүйесі;
33 33) «Жедел басқару орталығы» ақпараттық жүйесі;
34 34) «Интеграцияланған кедендік тариф» ақпараттық жүйесі;
35 35) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді офисі» ақпараттық жүйесі;
36 36) «Қазақстан Республикасының электрондық нысандағы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесі;
37 37) «Мемлекеттік жер кадастры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
38 38) «Мобильді үкімет» ақпараттық жүйесі.
2 2. Аппараттық-бағдарламалық кешендер:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аппараттық-бағдарламалық кешені.