О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 107 «Об утверждении Перечня интернет-ресурсов государственных органов и объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 107 «Об утверждении Перечня интернет-ресурсов государственных органов и объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства»
- Атауы (қаз.)
- «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 107/НҚ
- Қабылданған күні
- 30.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2021 154008_517907.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022446
- ЭКБ идентификаторы
- 154008
- Редакция идентификаторы
- 154008_517907
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:58
0
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесінде:
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Ақпараттық жүйелер:
1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы;
2) «электрондық үкіметтің» шлюзі;
3) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
4) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
5) «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
6) «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі;
7) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі;
8) «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
9) «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі;
10) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталы» ақпараттық жүйесі;
11) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;
12) кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
13) тәуекелдерді селективті бақылау және басқару;
14) статистика, талдау, сыртқы сауда статистикасының деректеріне қолжетімділікті ұйымдастыру;
15) голографиялық қорғау элементі бар есептік-бақылау маркаларын пайдаланумен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау;
16) акцизделген өнімнің және мұнай өнімдері жеке түрлерінің өндірілуі мен айналымын бақылау (Акциз);
17) интеграцияланған деректер қоймасы;
18) «Web-декларант» электрондық декларациялау кешені;
19) қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
20) «АХАЖ» ақпараттық жүйесі;
21) «Жылжитын мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі;
22) «Ұлттық зияткерлік меншік институты» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
23) «e-learnіng» электрондық оқыту ақпараттық жүйесі;
24) «Салық төлеуші кабинетінің Web-қосымшасы» ақпараттық жүйесі;
25) «Салық есептілігін өңдеу жүйесі» ақпараттық жүйесі;
26) «Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың өнеркәсіптік платформасы» ақпараттық жүйесі;
27) «Интеграцияланған салық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі;
28) «Деректерді бірыңғай сақтау орны» ақпараттық жүйесі;
29) «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот» ақпараттық жүйесі;
30) «ҚР Қаржымині МКК Web-порталы» ақпараттық жүйесі;
31) «Салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің тізілімі» ақпараттық жүйесі;
32) «Электрондық шот фактуралар» ақпараттық жүйесі;
33) «Жедел басқару орталығы» ақпараттық жүйесі;
34) «Интеграцияланған кедендік тариф» ақпараттық жүйесі;
35) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді офисі» ақпараттық жүйесі;
36) «Қазақстан Республикасының электрондық нысандағы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесі;
37) «Мемлекеттік жер кадастры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
38) «Мобильді үкімет» ақпараттық жүйесі;
39) «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі.»
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі