Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 119 «Об утверждении Правил присоединения и взаимодействия сетей телекоммуникаций, включая пропуск трафика и порядок взаиморасчетов»

Бұйрық · № 465/НҚ · қабылданған 02.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2016-no-119-ekb-200406/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 119 «Об утверждении Правил присоединения и взаимодействия сетей телекоммуникаций, включая пропуск трафика и порядок взаиморасчетов» Қолданыста Бұйрық ·№ 465/НҚ ·02.08.2024
02.08.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 119 «Об утверждении Правил присоединения и взаимодействия сетей телекоммуникаций, включая пропуск трафика и порядок взаиморасчетов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 465/НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 119 «Об утверждении Правил присоединения и взаимодействия сетей телекоммуникаций, включая пропуск трафика и порядок взаиморасчетов»
Атауы (қаз.)
«Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
465/НҚ
Қабылданған күні
02.08.2024
Көрсетілген редакция
02.08.2024 200406_720228.kaz
Соңғы өзгеріс
02.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034891
ЭКБ идентификаторы
200406
Редакция идентификаторы
200406_720228
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:14

0 «Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13340 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары және өзара есеп айырысу тәртібінде:
2-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;»;
9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) қосылудың (қосудың) стандартты нүктесі – үлгілік техникалық талаптарды пайдалана отырып бір желіден басқа желіге қосуға арналған телекоммуникация құралдары;»;
11-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге уәкілетті орган берген рұқсаттың электрондық нысаны (қызметі лицензиялауға жататын байланыс операторлары үшін);»;
11-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қалааралық және/немесе халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсетуге рұқсаттың электрондық нысаны (қалааралық және/немесе халықаралық байланыс операторлары үшін).»;
18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қалааралық және/немесе халықаралық байланыс операторлары «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 3-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жалғанудың (қосылудың) стандартты нүктелерінің тізбесін жариялауға міндетті.»;
24, 25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Телекоммуникацияның операторы желісіне қосуды ұйымдастыру мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) стандартты қосылу (қосу) нүктелер және қосылу талаптары туралы ақпаратты байланыс операторларына ұсыну осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес анықталады;
2) баламалы қызметтер көрсететін барлық телекоммуникация операторлары, желілердің иелері, телекоммуникация провайдерлері үшін телекоммуникация желілерін қосудың және трафикті өткізудің тең талаптарын сақтау;
3) телекоммуникация операторының басқа байланыс операторларына, желі иелеріне қосу мен трафикті өткізу қызметтерін көрсетуі осы қызметтерді телекоммуникация операторының өз желісі шеңберінде және (немесе) осы қызметтерді аффилиирленген тұлғаларға көрсеткендегідей талаптарда және трафикті өткізу технологиялары бойынша жүзеге асырылады;
4) қосылу және трафикті өткізу қызметтеріне төлем жасаудың егжей-тегжейлі шотын ұсыну;
5) бәсекелестер мен клиенттер туралы ақпаратқа қатысты тараптардың арасында құпиялылық режимін сақтау;
6) жаңа қызметттер көрсетуге қажетті синхрондау жүйелерін, пайдаланушылық қолдау жүйелерін, биллингтік жүйелер, басқа да аппараттық және бағдарламалық жасақтама; желілердің «бөлінбейтін» компоненттерін, оның ішінде абоненттік желіжолдарды шарттық негізде ақылы пайдалану мүмкіндігін ұсыну;
7) инфрақұрылым элементтерін (мысалы, ғимараттар, бағаналар, телефон (кәбілдік) кәрізі, арналар, антенна-діңгекті құрылыстар және басқалар) шарттық негізде ақылы пайдалануды жүзеге асыру мүмкіндігін ұсыну.
25. Телекоммуникация операторлары үшін Қосу шарты жария шарт болып табылады және осының негізінде басқа телекоммуникация желілерін қосу қызметтерін көрсету, сондай-ақ желілердің өзара әрекеттестігі мен трафикті өткізу бойынша осылармен байланысты міндеттемелер анықталады.
26. Қосылуға техникалық талаптар берген кезде байланыс операторларын кемсітушілікке жол берілмейді. Телекоммуникация операторы операторлардың қосылатын желілері үшін қосылу және трафикті өткізудің тең талаптарын қояды.
27. Қосылатын оператор осы Қағидаларда көзделген барлық талаптарды орындаған жағдайда телекоммуникация операторының Қосу шартын жасаудан бас тартуына жол берілмейді.»;
28-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылысы бар тіркелген жергілікті байланыс желілерінің бір-бірімен, тіркелген байланыс желілерінің жылжымалы байланыс желілерімен (жылжымалы радиотелефон байланысы, транкингілік және ұялы байланыс) жергілікті деңгейде қосыла алады, бұл жергілікті желінің тиісті нөмірлеу ресурсын бөлу арқылы жүзеге асырылады;»;
37-тармақ алып тасталсын;
66-тармақтың 4) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Оператораралық трафикті өткізу үшін есептеу мөлшерлемелерін шарт тараптары айқындайды.».

2 2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы