О приостановлении действия приказа исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 121 «Об утверждении правил ведения раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов субъектами естественных монополий в области телекоммуникаций и универсальных услуг почтовой связи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О приостановлении действия приказа исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 121 «Об утверждении правил ведения раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов субъектами естественных монополий в области телекоммуникаций и универсальных услуг почтовой связи»
- Атауы (қаз.)
- «Телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 121 бұйрығының қолданысын тоқтата тұру туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 545
- Қабылданған күні
- 26.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2020 128868_485415.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800018167
- ЭКБ идентификаторы
- 128868
- Редакция идентификаторы
- 128868_485415
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:44
0
«Телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 121 бұйрығының қолданысын тоқтата
тұру туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 121 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13330 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 наурызда «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қолданысы 2020 жылғы 1 қантарға дейін тоқтатыла тұрсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2018 жылғы «__» ___________