Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 125 «Об утверждении перечня информационных систем (или их частей), подлежащих многократному использованию в качестве стандартных решений при создании или развитии информационных систем государственных органов»

Бұйрық · № 66 · қабылданған 02.03.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2016-no-125/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 125 «Об утверждении перечня информационных систем (или их частей), подлежащих многократному использованию в качестве стандартных решений при создании или развитии информационных систем государственных органов» Күшін жойған Бұйрық ·№ 66 ·02.03.2018
29.06.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 125 «Об утверждении перечня информационных систем (или их частей), подлежащих многократному использованию в качестве стандартных решений при создании или развитии информационных систем государственных органов»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 66 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 125 «Об утверждении перечня информационных систем (или их частей), подлежащих многократному использованию в качестве стандартных решений при создании или развитии информационных систем государственных органов»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
66
Қабылданған күні
02.03.2018
Көрсетілген редакция
29.06.2019 120385_414182.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016624
ЭКБ идентификаторы
120385
Редакция идентификаторы
120385_414182
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:31

0

«Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13325 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін және сервистік бағдарламалық өнімдерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесін бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін және сервистік бағдарламалық өнімдерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесі

Қазақстан Республикасы Ақпарат
және коммуникациялар министрінің
2018 жылғы 2 наурыздағы
№ 66 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 125 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін және сервистік бағдарламалық өнімдерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесі

Атауы
Сипаттамасы
1
Бірыңғай бірдейлестіру сервисі
Жүйенің пайдаланушыларын басқару функциясы, қол жеткізу құқығын бөліп беру, каталог қызметіне қол жеткізу үшін жеңіл салмақты хаттама негізінде каталогпен ықпалдасу, олардың бірінен бірдейлестіру және шығу кезінде түрлі ақпараттық жүйелерден бір уақытта бірыңғай бірдейлестіруді және шығуды іске асыратын сервис.
«Бірыңғай бірдейлестіру сервисі» ақпараттық жүйесінің бір бөлігі келесі функционалдық компоненттерден тұрады:
1) бірыңғай бірдейлестіру – бір ақпараттық жүйеден басқасына қайталап бірдейлестіруді енгізбестен өтуді қамтамасыз ету сервисі;
2) жүйе пайдаланушыларын басқару – ақпараттық жүйе пайдаланушыларын қосу, өзгерту және жою сервисі;
3) пайдаланушыларға қол жеткізу құқығын бөліп тарату – әкімшінің рөлдеріне сәйкес пайдаланушыларға қол жеткізу құқығын бөліп тарату сервисі;
4) каталог қызметіне қол жеткізу үшін жеңіл салмақты хаттама негізінде каталогпен ықпалдасу – пайдаланушылардың есептік жазбалары және қызметтің баптаулары сақталатын каталог қызметіне қол жеткізу үшін жеңіл салмақты хаттама негізінде каталогпен ықпалдасу сервисі.
2
Электрондық цифрлық қолтаңбаны басу және тексеру сервисі
Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, құжатқа бірыңғай қол қоюды жүзеге асыратын және қол қойылған құжатты тексеретін сервис.
«Электрондық цифрлық қолтаңбаны басу және тексеру сервисі» ақпараттық жүйесінің бір бөлігі келесі функционалдық компоненттерден тұрады:
1) Ұлттық куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасын басу сервисі – Ұлттық куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасымен құжатқа қол қою сервисі;
2) Ұлттық куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасын тексеру сервисі – Ұлттық куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасын тексеру сервисі;
3) Мемлекеттік органдарды куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасын басу сервисі – Мемлекеттік органдарды куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, құжатқа қол қою сервисі;
4) Мемлекеттік органдарды куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасын тексеру сервисі – мемлекеттік органдарды куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасын тексеру сервисі;
5) жүйені тіркеу.
3
Ақпараттық жүйе жұмысын мониторингтеу
Ақпараттық жүйе жұмысының басты көрсеткіштерін мониторингтеу функциясын жүзеге асыратын сервис.
«Ақпараттық жүйе жұмысын мониторингтеу» ақпараттық жүйесінің бір бөлігі келесі функционалдық компоненттерден тұрады:
1) пайдаланушыларды қосу статистикасы – пайдаланушыларды қосу статистикасын жинау сервисі;
2) параққа кіріп шығу статистикасы – параққа кіріп шығу статистикасын жинау сервисі;
3) сервердегі дискіні пайдалану статистикасы – сервердегі дискіні пайдалану статистикасын жинау сервисі;
4) сервердегі оперативтік сақтау құрылғысын пайдалану статистикасы – сервердегі оперативтік сақтау құрылғысын пайдалану статистикасын жинау сервисі;
5) сервердегі процессорды пайдалану статистикасы – сервердегі процессорды пайдалану статистикасын жинау сервисі;
6) сервердегі ақпараттық жүйе сервистерін пайдалану статистикасы – сервердегі ақпараттық жүйе сервистерін пайдалану статистикасын жинау сервисі;
7) ақпараттық жүйе сервистерінің орындалу уақытының статистикасы – ақпараттық жүйе сервистерінің орындалу уақыты туралы ақпаратты жинау сервисі;
8) ақпараттық жүйенің логтары мен қателерін талдау – ақпараттық жүйенің логтарын автоматты талдау сервисі.
4
Электрондық құжаттарды сақтау сервисі
«Электрондық құжаттарды сақтау сервисі» ақпараттық жүйесінің бір бөлігі келесі функционалдық компоненттерден тұрады:
электрондық құжаттарды сақтау;
электрондық құжаттарды жүктеу;
электрондық құжаттарды шығару;
электрондық құжаттарға қол жеткізу құқығын шектеу.
5
Құжаттармен және (немесе) объектілермен жұмыс бойынша үстел
«Құжаттармен және (немесе) объектілермен жұмыс бойынша үстел» ақпараттық жүйесінің бір бөлігі келесі функционалдық компоненттерден тұрады:
1) деректерді кестеге шығару;
2) деректерді қосу;
3) деректерді өзгерту;
4) деректерді өшіру;
5) объектілерге қосымша іс-қимылдарды орындау;
6) объектілердің нұсқалығы;
7) қол жеткізу құқығын шектеу;
8) репрезентаттық жай-күйді тапсыру арқылы объектілерге қол жеткізу.
6
Пайдаланушыларды хабардар ету сервисі
«Пайдаланушыларды ескерту сервисі» ақпараттық жүйесінің бір бөлігі келесі функционалдық компоненттерден тұрады:
1) репрезентаттық жай-күйді тапсыру арқылы хабарламамен жұмыс;
2) хабарламаны қосу;
3) хабарламаны қарау.

Қолданыстағы