О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 133 «Об утверждении методики расчета и нормативов затрат на создание, развитие и сопровождение информационных систем государственных органов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 133 «Об утверждении методики расчета и нормативов затрат на создание, развитие и сопровождение информационных систем государственных органов»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 226
- Қабылданған күні
- 21.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2019 113971_423008.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015381
- ЭКБ идентификаторы
- 113971
- Редакция идентификаторы
- 113971_423008
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:44
0
«Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 133 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13351 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесінде:
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органының интернет-желісінде (http://stat.gov.kz) жарияланған «Халықты жұмыспен қамту және еңбек ақы төлемі» статистикалық бюллетені бойынша соңғы жыл үшін жобаның іске асырылуының нақты орны үшін «Бағдарламалық қамтамасыз ету инженері» – З0cp. кәсібі бойынша жалақы мөлшерін анықтаймыз. Әрі қарай соңғы үш жыл үшін инфляцияның орташа мөлшерін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органының тарихи деректері бойынша өткен соңғы үш жыл мәнінің орташа арифметикалық мәні ретінде анықтаймыз – Иcp. Келесі формула (9) бойынша жобаның іске асырылуының орташа жыл санын анықтаймыз:
Гср=[R/12] +1, (9)
мұндағы:
квадратты жақшалар санның бүтін бөлігін:
R – жобаның айлармен берілген іске асырылу мерзімін (осыған дейін осы Әдістеменің 39-тармағы бойынша анықталған) білдіреді.
Іске асырылудың әрбір i жылы үшін орташа айлық кесімді жалақыны Зicp мына қорына (10) бойынша анықтаймыз:
мұндағы i 1-ден Гср дейін өзгереді.
Бұдан әрі іске асырылудың әрбір жылы үшін сәйкес инженер бағдарламашының 1 адам-айының орташа құнын (11) формула бойынша анықтаймыз:
Сiср=Зiср * (1+(0.9* ПСН+ ПНР + ПРП)/100)*(1+ ПР/100)*( 1+ ПНДС /100), (11)
мұндағы:
i 1-ден Гср дейін ауысады;
ПСН – орташа айлық жалақының пайызбен алғандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік салығы;
ПНР – орташа айлық жалақының пайызбен алғандағы қосымша үстеме шығындар (жалға алу, іссапар шығындары, кеңсе тауарлары, демалыс шығындары және т.б);
ПРП – орташа айлық жалақының пайызбен алғандағы кезең шығыны (әкімшілік басқару персоналына және маркетингке жұмсалатын шығындар);
ПР – рентабельділік,
ПНДС – қосылған құн салығы.
Әзірлеуші шығынының нормативті коэффициенттерінің мәні (ПНР, ПРП, ПР) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындардың нормативтерінде келтірілген.
Іске асыру жылдары бойынша ақпараттық жүйенің әзірлеу еңбек сыйымдылығын (12) формула бойынша анықтаймыз:
Si = S/Гср , (12)
мұндағы i 1-ден Гср ауысады.
СППО ақпараттық жүйенің қолданбалы бағдарламалық қамтылымды әзірлеуге кететін жұмыс құны (13) формула бойынша анықталады:
, (13)
мұндағы:
СИСПЫТ – бағдарламалық қамтылымды сынау құны»;
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«56. АЖ ҚБҚ пайдалануды қолдаудың 1 жылының құнын (17) формула бойынша есептеледі:
Сэксп = (nn +k * nисп+ nп.польз)*Cср , (17)
мұндағы:
Cср - персоналды пайдаланумен айналысатын 1 адам-айының құны;
nn - пайдалануды қолдау процесін дайындаумен айналысатын персоналдың нормасы;
nисп - пайдалану сынақтарын жүргізумен айналысатын персоналдың нормасы;
nn.польз - жүйенің пайдаланушыларын қолдаумен айналысатын персоналдың нормасы;
k – пайдалану сынақтарын жүргізудей кезіндегі жұмыс қажеттіліктерінің коэффициенті (егер жүйе тәжірибелік пайдалануда болса k=1, егер жүйе өнеркәсіптік пайдалануда болса k=0).»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындар нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті (Ж.З. Жахметова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындар нормативтері
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
20__ жылғы «__»_________
№ _______ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушысының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 133 бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындар нормативтері
№
Үдеріс атауы
Функционалдық өлшем бірлігі
пайдалану нұсқасы
объект типі
объект типі қасиеттері
объектілер арасындағы өзара іс-әрекет қасиеттері
торап типі
Еңбек сыйымдылығы, адам сағат
1
Бизнес модельдеу
32,12
28,33
0,00
14,15
0,00
2
Талаптарды басқару
58,03
28,04
0,00
20,32
0,00
3
Жобалау
45,42
61,75
31,35
37,52
24,02
4
Іске асыру
31,57
81,51
50,72
36,11
0,00
5
Тестілеу
88,96
0,00
0,00
0,00
0,00
6
Өрістету
8,69
0,00
0,00
0,00
23,74
Жеке түзету коэффициенттерінің тобы
Жеке түзету коэффициентінің белгіленуі және факторы
Жеке түзету коэффициентінің сипаттамасы
Мәні
1
2
3
4
Ішкі факторлар
АЖ пайдалану режимі К1
Нақты технология немесе бағдарламалық қамтылым жүйесінде қабылданған өңдеу түріне байланысты анықталады. Мынадай мәндерге ие болады:
деректерді уақыттың бөліну режимінде өңдеу
1
деректерді параллельді өңдеу
1,04
деректерді шынайы уақыт режимінде өңдеу
1,05
деректердің біріктірілген өңдеуі
1,07
АЖ масштабы К2
Масштаб бір уақытта жұмыс істейтін пайдаланушылар санымен анықталуы мүмкін. Мынадай мәндерге ие болады:
шағын АЖ (ұзаққа созылмайтын өмірлік циклды 10 пайдаланушыға дейін)
0,95
орташа АЖ (ұзақ өмірлік циклды ірі жүйеге дейін өсу мүмкіндігімен 11-ден 100 пайдаланушыларға дейін)
1
ірі АЖ (101-ден 1000 дейін ұзақ ӨЦ және мұраға алынған жүйелері бар пайдаланушылар)
1,05
өте ірі АЖ (1000 астам қолданушылар)
1,08
АЖ тұрақтылығы К3
Оның ішкі эволюциялық аспектілері немесе қолдап отыру үдерісіндегі тұрақтылығына байланысты анықталады. Мынадай мәндерге ие болады:
үнемі өзгерістер енгізу
1,1
дискретті өзгерістер енгізу
1
ықтималдығы аз өзгерістер енгізу
0,95
Рұқсат етілмеген қолжетімдіктен қорғау К4
Рұқсат етілмеген қолжетімділікті болдырмау немесе айтарлықтай қиындықтар. Мынадай мәндерге ие болады:
күшті
1,05
орташа
1
әлсіз
0,98
Бағдарламаларды және деректерді қорғау (операциялық жүйе деңгейінде, желілік бағдарламалық қамтылым деңгейінде, ДҚБЖ деңгейінде) К5
күшті
1,03
орташа
1
әлсіз
0,97
операцияны бақылау ізі К6
Жүйедегі рұқсатсыз өзгерістерді тіркеу мүмкіндігі:
жоқ
1
таңдамалы қадағалау
1,08
толық қадағалау
1,13
Жұмыс істемеуін болдырмау К7
Жүйенің кейбір уақыт аралығында жұмысқа қабілетті жай-күйін үздіксіз сақтау қасиеті. Мынадай мәндерге ие болады:
жоғары
1,15
орташа
1
төмен
0,92
Қайта қалпына келуі К8
Бас тартудан кейін жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтірудің орташа уақыты
Мынадай мәндерге ие болады:
жоғары
1,12
орташа
1
төмен
0,98
өңдеу ұзақтығы (жауап беру уақыты) К9
Жүйенің кіру әсерлеріне тез реакциясы. Мынадай мәндерге ие болады:
тез
1,21
орташа
1
жай
0,92
АЖ әзірлеудің бастапқы тілі К10
АЖ әзірлеу кезінде қолданылатын бастапқы тіл түріне байланысты анықталады. Мынадай мәндерге ие болады:
дәстүрлі (Кобол, Фортран және т.б.)
1,08
рәсімдік (Си немесе эквивалентті)
1,09
функционалды (Лисп немесе эквивалентті)
1,07
объектіге бағытталған (Си++ немесе эквивалентті)
1
Орта факторы
Пайдаланушы сыныбы К11
Белгілі бір пайдаланушылар класының шеберлік деңгейіне немесе сипаттамасына байланысты анықталады. Пайдаланушы қарастырылатын жүйеге қатысты сыртқы болып табылатын жүйе бола алады. Мынадай мәндерге ие болады
бастапқы
1,12
орташа
1,07
маман (сарапшы)
1
кездейсоқ
1,14
басқа АЖ (БҚ)
1,06
техникалық құралдар
1,09
Орталық өңдеу құралына қойылатын талаптар (процессорға) К12
Процессордың тактілі жиілігіне (процессор жылдамдығы) қойылатын талаптарымен анықталады. Мынадай мәндерге ие болады:
жоғары
0,99
орташа
1
Жедел (негізгі) жадыға қойылатын талаптар К13
АЖ жедел жадыға қойылатын талаптармен (көлемі, тез әрекет етуі) сәйкестендірілуі тиіс. Мынадай мәндерге ие болады:
үлкен
1
кіші
1,04
Сыртқы жадыға талаптар К14
АЖ сыртқы жадыға қойылатын талаптармен (көлемі, тез әрекет етуі) сәйкестендірілуі тиіс. Мынадай мәндерге ие болады:
үлкен
1
кіші
1,01
Жергілікті есептеу желісіне қойылатын талаптар К15
АЖ ЖЕЖ қойылатын талаптармен (өткізу қабілеті, желідегі ақпаратты қорғау) сәйкестендірілуі тиіс. Мынадай мәндерге ие болады:
жоғары талаптар
1
орташа талаптар
1,02
АЖ сыншылдығы К16
Бағалаудың нақты әдістемесін ескере отырып, өнімнің толықтық деңгейіне байланысты анықталады. Мынадай мәндерге ие болады:
адам өмірі
1,18
ұлттық қауіпсіздік
1,16
әлеуметтік берекетсіздік және үрей
1,13
ұйымдастырушылық қауіпсіздік
1
Дайындығы К17
Қолда бар ҚБҚ түріне байланысты анықталады. Мынадай мәндерге ие болады:
дайын күйде болуы (альтернативті өнімдер бар)
0,99
жалпыға қолжетімді (танымал әдістеме)
1
тапсырыс берілген (тапсырыс берушінің айрықша әдістемесі)
1,11
патенттелген (әзірлеушінің әдістемесі)
1,09
Деректер факторы
Деректерді беру К18
Деректер элементтеріне, түріне және құрылымына байланысты анықталады. Мынадай мәндерге ие болады:
реляциялық
1
индекстелетін (иерархиялық)
1
желілік
1,08
объектілік
1,09
форматталған файл
0,95
Пайдалану нұсқаларының саны
Объектілер типінің саны
Объектілер типі қасиеттерінің саны
Объектілер типі арасындағы өзара іс-әрекеттер саны
Тораптар саны
SIZE
С
E
T
I
N
№ №
Көрсеткіштің атауы
Белгіленуі
Норматив
1
Қосымша үстеме шығындар (жалға алу, іссапарлар, кеңсе тауарлары, демалыс шығындары және т.б.)
ПНР
71,5 %
2
Кезең шығындары (әкімшілік басқару персонал және маркетинг шығындары)
ПРП
48 %
3
Рентабельдік
ПР
25 %
4
Еңбек сыйымдылығының икемділік коэффициенті
L
0,75
5
ҚБҚ қолдап отыру еңбек сыйымдылығының коэффициенті
N
15 %
№
ҚБҚ әзірлеу мерзімі
Еңбек сыйымдылығы (адам-ай)
1
1 ай
5 – 30
2
2 ай
10 – 80
3
3 ай
17 – 140
4
4 ай
26 – 210
5
5 ай
37 – 280
6
6 ай
50 – 340
7
7 ай
65 – 400
8
8 ай
80 – 450
9
9 ай
100 – 500
10
10 ай
120 – 550
11
11 ай
140 – 610
12
12 ай
160 – 670
13
13 ай
180 – 720
14
14 ай
200 – 770
15
15 ай
230 – 820
16
16 ай
260 – 870
17
17 ай
290 – 930
18
18 ай
330 – 990
19
19 ай
370 – 1040
20
20 ай
420 – 1090
21
21 ай
470 – 1150
22
22 ай
530 – 1200
23
23 ай
600 – 1250
24
24 ай
670 – 1300
25
25 ай
750 – 1350
26
26 ай
830 – 1400
27
27 ай
900 – 1450
28
28 ай
970 – 1500
29
29 ай
1150 – 1550
30
30 ай
1230 – 1600
31
31 ай
1310 – 1660
32
32 ай
1390 – 1720
33
33 ай
1470 – 1780
34
34 ай
1520 – 1840
35
35 ай
1570 – 1900
36
36 ай
1620 – 1960
37
37 ай
1680 – 2020
38
Әр кейінгі ай үшін
40 адам-ай қосылады
Қолдау үдерісімен қамтылған пайдаланушылар саны
Пайдалануды қолдау үдерісін дайындаумен айналысатын персоналдың нормасы, адам/ай
Пайдалану сынақтарын жүргізетін персоналдың нормасы, адам/ай
Пайдаланушыларды қолдаумен айналысатын персоналдың нормасы, адам/ай
есепке алынатын ақпараттық жүйелер үшін
аналитикалық ақпараттық жүйелер үшін
1-50
1
6
12
60
51-100
24
120
101-200
36
180
201-400
48
240
Әрбір қосымша 100 пайдаланушы
+ 12
+60