Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 133 «Об утверждении методики расчета и нормативов затрат на создание, развитие и сопровождение информационных систем государственных органов»

Бұйрық · № 548 · қабылданған 27.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2016-no-133/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 133 «Об утверждении методики расчета и нормативов затрат на создание, развитие и сопровождение информационных систем государственных органов» Күшін жойған Бұйрық ·№ 548 ·27.12.2018
27.06.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 133 «Об утверждении методики расчета и нормативов затрат на создание, развитие и сопровождение информационных систем государственных органов»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 548 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 133 «Об утверждении методики расчета и нормативов затрат на создание, развитие и сопровождение информационных систем государственных органов»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
548
Қабылданған күні
27.12.2018
Көрсетілген редакция
27.06.2019 128136_423012.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800018148
ЭКБ идентификаторы
128136
Редакция идентификаторы
128136_423012
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:41

0

«Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 133 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 13351 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер» ;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға және дамытуға арналған шығындарды есептеу»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Объектілердің типтері арасындағы өзара іс-қимыл осы Әдістемеге
7-қосымшада келтіріледі.
Объектілер типтері арасындағы өзара іс-қимыл саны (I) бағаланатын ақпараттық жүйе үшін өзара іс-қимыл диаграммасында бейнеленген өзара іс-қимылды есептеу арқылы бағаланады. Өзара іс-қимыл диаграммасы болмаған жағдайда объектілер типтерінің өзара іс-қимыл саны (I) мынадай формула бойынша бағаланады:
I= (объектілер типтерінің саны/4)*(объектілер типтерінің саны/4);
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«АЖ жаңа компоненттерін құруға арналған шығындарды бағалау
АЖ ҚБҚ дамытудың еңбек сыйымдылығын және құнын бағалау болып табылады. АЖ-ның жаңа компоненттерін құруға арналған шығындарды бағалау осы тараудың 1 – 8-параграфтарына сәйкес АЖ ҚБҚ құруға арналған шығындарды бағалауға ұқсас жүргізіледі.»;
3- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін қолдап отыруға арналған шығындардың есебі».

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы