Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 15 «Об утверждении Правил выдачи разрешения на добровольную реорганизацию банка в форме конвертации в исламский банк и отказа в выдаче разрешения»

Қаулы · № 258 · қабылданған 22.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2016-no-15/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 15 «Об утверждении Правил выдачи разрешения на добровольную реорганизацию банка в форме конвертации в исламский банк и отказа в выдаче разрешения» Күшін жойған Қаулы ·№ 258 ·22.12.2017
28.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 15 «Об утверждении Правил выдачи разрешения на добровольную реорганизацию банка в форме конвертации в исламский банк и отказа в выдаче разрешения»

Күшін жойған Қаулы ·№ 258 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 15 «Об утверждении Правил выдачи разрешения на добровольную реорганизацию банка в форме конвертации в исламский банк и отказа в выдаче разрешения»
Атауы (қаз.)
«Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 15 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
258
Қабылданған күні
22.12.2017
Көрсетілген редакция
28.04.2020 119415_458345.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016557
ЭКБ идентификаторы
119415
Редакция идентификаторы
119415_458345
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:37

0 «Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 15 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 15 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13526 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банкті айналдыруға берілген рұқсат Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4521 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 295 қаулысымен бекітілген Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке аудару қағидаларында көзделген банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берілген рұқсаттардың тізіліміне енгізіледі.».

2 2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
Министрдің м.а. _______________ Қ. Балықбаев
2018 жылғы 5 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Министрдің міндетін
атқарушы _______________ Р. Дәленов
2018 жылғы 26 ақпандағы

Қолданыстағы