О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 18 «Об утверждении Правил осуществления Национальным Банком Республики Казахстан деятельности по доверительному управлению активами клиентов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 18 «Об утверждении Правил осуществления Национальным Банком Республики Казахстан деятельности по доверительному управлению активами клиентов»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 18 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 323
- Қабылданған күні
- 28.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2020 128443_441800.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800018178
- ЭКБ идентификаторы
- 128443
- Редакция идентификаторы
- 128443_441800
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:37
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі
қызметті жүзеге асыруы қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы № 18 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13286 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидалар Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруына қолданылмайды.»;
2 және 3-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару бойынша қызметті жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті бөлімшелердің функциялары»;
«3-тарау. Ұлттық Банктің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметін жүзеге асыруы»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ұлттық Банктің клиенттің активтерін сенімгерлік басқаруды тиімді жүзеге асыруы мақсатында клиент дербес немесе Ұлттық Банкпен бірлесіп активтерді басқарудың инвестициялық стратегиясын және бэнчмарк құрылымын не оның болмауын айқындайды.»;
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Әлеуетті клиент сенімгерлік басқару шартын жасау мақсатында Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) клиенттің жазбаша сұратуларға қол қоюға уәкілетті қызметкерлерінің қол қою үлгілері бар нотариат куәландырған құжат үш данада;
2) егер Ұлттық Банктің клиенттің активтерін сенімгерлік басқаруы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделмесе, клиенттің уәкілетті органының Ұлттық Банкке активтерді сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімінің көшірмесі;
3) жарғы не оның нотариат куәландырған көшірмесі, ал егер клиент өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асырса – қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттар.
12. Сенімгерлік басқару шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес Ұлттық Банк пен клиент арасында жазбаша нысанда жасалады.».
2 2. Монетарлық операциялар департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;