Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 28 марта 2016 года № 18/02 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере ветеринарии»

Қаулы · № 65/02 · қабылданған 16.10.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2016-no-1802/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 28 марта 2016 года № 18/02 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере ветеринарии» Күшін жойған Қаулы ·№ 65/02 ·16.10.2017
07.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 28 марта 2016 года № 18/02 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере ветеринарии»

Күшін жойған Қаулы ·№ 65/02 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 28 марта 2016 года № 18/02 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере ветеринарии»
Атауы (қаз.)
«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 18/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
65/02
Қабылданған күні
16.10.2017
Көрсетілген редакция
07.07.2020 115841_470446.kaz
Соңғы өзгеріс
07.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17K0004430
ЭКБ идентификаторы
115841
Редакция идентификаторы
115841_470446
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:37

0 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 18/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы №235 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 15389 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 18/02 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3765 болып тіркелген 2016 жылғы 13 мамырдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 12 мамырдағы № 57-58 (22002- 22003) «Индустриальная Караганда» газетінде және 2016 жылғы 12 мамырдағы № 76 (22181) «Орталық Қазақстан» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентінде:

3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру тәсілдерінің бірімен жануарларға ветеринариялық паспорт бере отырып жеке нөмір беру, телнұсқа беру, ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беру не «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №11959 болып тіркелген) бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1 тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз түрінде.»;

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентінде:

3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мынадай шешімдердің бірі көрсетілген аттестаттау парағы:
1) аттестатталды;
2) қайта аттестатталуы тиіс;
3) аттестатталған жоқ.
Не «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11959 болып тіркелген) бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-1 тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.»;
6 тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) аттестаттау комиссиясы құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне қарайды, тестілеуді және әңгімелесуді өткізеді – 1 күнтізбелік күн. Әңгімелесудің нәтижесі бойынша комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
аттестатталды;
қайта аттестаттауға жатады;
аттестатталған жоқ.
Не стандарттың 9-1 тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.».

2 2. «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы