Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 23 «Об утверждении Правил дилерской деятельности Национального Банка Республики Казахстан»

Қаулы · № 293 · қабылданған 29.11.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2016-no-23-ekb-128125/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 23 «Об утверждении Правил дилерской деятельности Национального Банка Республики Казахстан» Күшін жойған Қаулы ·№ 293 ·29.11.2018
01.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 23 «Об утверждении Правил дилерской деятельности Национального Банка Республики Казахстан»

Күшін жойған Қаулы ·№ 293 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 23 «Об утверждении Правил дилерской деятельности Национального Банка Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
293
Қабылданған күні
29.11.2018
Көрсетілген редакция
01.01.2020 128125_441832.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800018137
ЭКБ идентификаторы
128125
Редакция идентификаторы
128125_441832
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:23

0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дилерлік

қызметінің қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дилерлік қызметін жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13223 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидаларында:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«2-тарау. Ұлттық Банк пен қарсы әріптес арасында келісім жасау тәртібі»;
«3-тарау. Операциялар және мәмілелер»;
«4-тарау. Валюта өктемдігі және валюталық мәмілелер»;
«5-тарау. Депозиттер (депозиттік салымдар) және депозиттік аукцион»;
«6-тарау. Бағалы қағаздармен мәмілелер»;
«7-тарау. Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер»;
«8-тарау. Қарыздар беру»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Тұрақты қолжетімді қарыздар кері РЕПО операциялары арқылы күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге беріледі.
Ұлттық Банк қарыздардың өзге түрлерін Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес береді.»;
9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-тарау. Тазартылған бағалы металдармен мәмілелер».

2 2. Монетарлық операциялар департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және

3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы