Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 июня 2016 года № 292 «Об утверждении Правил выдачи, изменения и погашения квот на выбросы парниковых газов»

Бұйрық · № 276 · қабылданған 03.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2016-no-292/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 июня 2016 года № 292 «Об утверждении Правил выдачи, изменения и погашения квот на выбросы парниковых газов» Қолданыста Бұйрық ·№ 276 ·03.11.2020
03.11.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 июня 2016 года № 292 «Об утверждении Правил выдачи, изменения и погашения квот на выбросы парниковых газов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 276 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 июня 2016 года № 292 «Об утверждении Правил выдачи, изменения и погашения квот на выбросы парниковых газов»
Атауы (қаз.)
«Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 292 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
276
Қабылданған күні
03.11.2020
Көрсетілген редакция
03.11.2020 148221_490663.kaz
Соңғы өзгеріс
03.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021599
ЭКБ идентификаторы
148221
Редакция идентификаторы
148221_490663
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:56

0 «Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 292 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 292 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14012 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде. жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру, өзгерту және өтеу қағидаларында:
14-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.»;
19-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген жағдайларда, қондырғы операторы уәкілетті органға есептік жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен ерте емес, бірақ 1 қазанынан кешіктірмей, мынадай құжаттарды тапсырады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін өзгертуге өтініш;
2) қондырғының верификацияланған паспорты (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);
3) валидацияланған мониторинг жоспары (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);
4) Ұлттық жоспарды әзірлеу жылының басынан және оның қолданысқа енгізілу кезеңінен бастап көздің іске қосылуын растайтын құжат (жаңа стационарлық көз енгізілген жағдайда);
5) парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын қосымша квота көлемін негіздейтін есептеулер (қуаты ұлғайған жағдайда).
Парниктік газдар шығарындыларына квоталардың қосымша көлемі квоталардың негізгі көлемі жеткіліксіз болған жағдайда, қолданыстағы Ұлттық жоспар кезеңінде парниктік газдарды түгендеу туралы расталған есептер негізінде беріледі.
Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңі үшін парниктік газдар шығарындыларына қосымша көлемге өтініш берген жағдайда, қондырғы операторы осы тармақта көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға келесі есептік жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен ерте емес, бірақ 1 шілдеден кешіктірмей береді.»;
31-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді мемлекеттік тізілім операторы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.»;
мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
«34-1. Таратылған қондырғы операторы парниктік газдарды түгендеу туралы есепті ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган квоталардың пайдаланылмаған көлемін қондырғының таратылған операторының шотынан ұлттық жоспар резервінің шотына ауыстыру туралы шешім қабылдайды.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 34, 34-1-тармақтарында көрсетілген жағдайларда Мемлекеттік тізілім операторын парниктік газдар шығарындыларына пайдаланылмаған квоталар көлемін қондырғының таратылған операторының шотынан Ұлттық жоспардың квоталар көлемі резервінің шотына ауыстыру туралы хабардар етеді.»;
мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:
«35-1. Өткен есепті жылдардағы парниктік газдарды түгендеу туралы есепте расталған парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану негізінде квоталанған қондырғының қуаты төмендеген жағдайда уәкілетті орган тиісті Ұлттық жоспар кезеңінің қолданылу қорытындылары бойынша Кодекстің 94-2-бабының 5-тармағына сәйкес бір оператордың қондырғылары арасында дербес бөлінген квоталар көлемін қоспағанда, тиісті квоталар көлемін Ұлттық жоспар резервіне алады.
Уәкілетті орган қондырғы операторын қондырғы қуатының төмендеуі нәтижесінде пайда болған алу туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде квоталар көлемінің алынғаны туралы хабардар етеді.
Уәкілетті орган квоталар көлемін көрсете отырып, қондырғы операторының шотынан Ұлттық жоспар резервінің шотына квоталар көлемін аудару қажеттілігі туралы Мемлекеттік тізілім операторын хабардар етеді.»;
осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

3

3) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Жаңа қондырғы бойынша/әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар беруге өтініш

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
міндетін атқарушысының
2020 жылғы 3 қарашасы № 276
Бұйрыққа 1-қосымша
Парниктік газдар
шығарындыларына квоталарды
беру, өзгерту және өтеу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Жаңа қондырғы бойынша/әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар беруге өтініш
1. Қон­дыр­ғы опе­ра­то­ры­ның /кво­та­ла­на­тын әкім­ші­лен­ді­ру субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы
2. Жал­пы мә­лі­мет­тер:
2.1. Заң­ды ме­кен­жай­ы
2.2. Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ЖСН) неме­се биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (БСН)
2.3. Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры, факс, элек­трон­ды по­шта
3. Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші бой­ын­ша (код және ата­уы) пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­рын кво­та­лау жө­нін­де­гі та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­тін қон­дыр­ғы жа­та­тын эко­но­ми­ка сек­то­ры
4. Ұлт­тық жос­пар­дың қол­да­ну ке­зе­ңін­де кво­та­лар кө­ле­мі ре­зер­ві­нен пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­на сұ­ра­ты­ла­тын кво­та­лар кө­ле­мі
Со­ның ішін­де есеп­тік жыл­да пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­на сұ­ра­ты­ла­тын кво­та­лар кө­ле­мі
5. Ұлт­тық жос­пар қол­да­ны­лу ке­зе­ңі
20__ жы­л­ғы " " ___ ба­ста­п20__ жы­л­ғы " " _____ дей­ін
Пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­на сұ­ра­ты­ла­тын кво­та­лар кө­ле­мі­нің есеп­тік жы­лы
6. Өті­нім­ге мы­на­дай құ­жат­тар қо­са бе­рі­ле­ді:
1) қон­дыр­ғы­ның ве­ри­фи­ка­ци­я­лан­ған пас­пор­ты (түп­нұс­қа);
2) пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­ның ва­ли­да­ци­я­лан­ған мо­ни­то­ринг жос­па­ры (түп­нұс­қа);
Басшы ____________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қолы)
мөр (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда)

2 Парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін өзгертуге өтініш

Бұйрыққа 2-қосымша
Парниктік газдар
шығарындыларына квоталарды
беру, өзгерту және өтеу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін өзгертуге өтініш
1. Қон­дыр­ғы опе­ра­то­ры­ның ата­уы
2. Жал­пы мә­лі­мет­тер:
2.1. Заң­ды ме­кен­жай­ы
2.2. Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ЖСН), биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі неме­се (БСН)
2.3. Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры, факс, элек­трон­ды по­шта
3. Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші бой­ын­ша (код және ата­уы) пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­рын кво­та­лау та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін қон­дыр­ғы жа­та­тын эко­но­ми­ка­лық қыз­мет тү­рі
4. Қол­да­ны­с­та­ғы Ұлт­тық жос­пар­ға сәй­кес бел­гі­лен­ген кво­та­лар кө­ле­мі:
5. Кво­та­лар­дың қо­сым­ша кө­ле­мі:
6. Кво­та­лар­дың қо­сым­ша кө­ле­мі есе­бі­мен кво­та­лар­дың жал­пы кө­ле­мі
7. Кво­та кө­ле­мін өзгер­ту­ді сұ­рау се­бе­бі (қа­жет­ті­сін бел­гі­леу):
7.1.Қон­дыр­ғы қу­а­тын ұл­ғай­ту
7.2. Қон­дыр­ғы­мен тех­но­ло­ги­я­лық бай­ла­ны­с­қан пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­ның жа­ңа ста­ци­о­нар­лық кө­зін ен­гі­зу
8. Пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­на қо­сым­ша кво­та­лар кө­ле­мі сұ­ра­ты­ла­тын есеп­тік жыл
9. Өті­ніш­ке мы­на­дай құ­жат­тар қо­са бе­рі­ле­ді:
1) қон­дыр­ғы­ның ве­ри­фи­ка­ци­я­лан­ған пас­пор­ты (жа­ңа ста­ци­о­нар­лық көз­ді ен­гіз­ген жағ­дай­да);
2) пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­ның ва­ли­да­ци­я­лан­ған мо­ни­то­ринг жос­па­ры (жа­ңа ста­ци­о­нар­лық көз­ді ен­гіз­ген жағ­дай­да);
3) Ұлт­тық жос­пар­ды әзір­леу жы­лы­нан ба­стап және оның қол­да­ны­лу ке­зе­ңі ішін­де көз­дің іс­ке қо­сы­луын рас­тай­тын құ­жат (жа­ңа ста­ци­о­нар­лық көз­ді ен­гіз­ген жағ­дай­да);
4) пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­на сұ­ра­ты­ла­тын қо­сым­ша кво­та­лар кө­ле­мін негіз­дей­тін есеп­те­улер (қу­а­тын ұл­ғай­тқан жағ­дай­да).
Ата­уы ________________________________________
______________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­
__­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__________________________
Ме­кен­жайы _______________________­
Те­ле­фон _________________________­
элек­трон­ды ме­кен­жайы ____________
Орын­да­у­шы __________________________________
(те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар болған кез­де), қо­лы)) _______­
Те­ле­фон _________________________
Бас­шы ____________________________
­Бас бух­гал­тер ______________________
(те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар болған кез­де), қо­лы))_______
(те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар болған кез­де), қо­лы)) _______
Басшы _____________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қолы).
мөр (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда)

3 Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеуге өтініш

Бұйрыққа 3-қосымша
Парниктік газдар
шығарындыларына квоталарды
беру, өзгерту және өтеу
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеуге өтініш
1. Қон­дыр­ғы опе­ра­то­ры­ның ата­уы
2. Жал­пы мә­лі­мет­тер:
2.1. Заң­ды ме­кен­жай­ы
2.2. Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ЖСН) неме­се биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (БСН)
2.3. Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры, факс, элек­трон­ды по­шта
3. Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші бой­ын­ша (код және ата­уы) пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­рын кво­та­лау та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін қон­дыр­ғы жа­та­тын эко­но­ми­ка­лық қыз­мет тү­рі
4. Пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­на өте­ле­тін кво­та­ның жал­пы кө­ле­мі
_________ тон­на
4.1. Өтеу үшін са­тып алын­ған кво­та бір­лік­те­рі
__________ тон­на
4.2. Шы­ға­рын­ды­лар­ды іш­кі азай­ту бір­лік­те­рі
__________ тон­на
4.3. Кво­та бір­лік­те­рі­нің қо­сым­ша кө­ле­мі
__________ тон­на
5. Есеп­тік жыл
20__ жыл
Басшы _____________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қолы).
мөр (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда)

Қолданыстағы