Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 апреля 2016 года № 303 «Об утверждении минимального социального стандарта высшего образования, получаемого на конкурсной основе»

Бұйрық · № 609 · қабылданған 24.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2016-no-303-ekb-162807/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 апреля 2016 года № 303 «Об утверждении минимального социального стандарта высшего образования, получаемого на конкурсной основе» Қолданыста Бұйрық ·№ 609 ·24.12.2021
24.12.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 апреля 2016 года № 303 «Об утверждении минимального социального стандарта высшего образования, получаемого на конкурсной основе»

Қолданыста Бұйрық ·№ 609 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 апреля 2016 года № 303 «Об утверждении минимального социального стандарта высшего образования, получаемого на конкурсной основе»
Атауы (қаз.)
«Конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 303 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
609
Қабылданған күні
24.12.2021
Көрсетілген редакция
24.12.2021 162807_554107.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100026339
ЭКБ идентификаторы
162807
Редакция идентификаторы
162807_554107
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 04:43

0 «Конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 303 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 303 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13866 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Конкурстық негізде алынатын жоғары білім берудің ең төмен әлеуметтік стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

1 Конкурстық негізде алынатын жоғары білім берудің ең төмен әлеуметтік стандарты

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің м.а.
2021 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 609 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 сәуірдегі
№ 303 бұйрығымен
бекітілген
Конкурстық негізде алынатын жоғары білім берудің
ең төмен әлеуметтік стандарты

1 1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

2 2. Ең төмен әлеуметтік стандарт қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі:

1 1) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

2 2) «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

3 3) «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысы;

4 4) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысы;

5

5) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 – 2019, 2019 – 2020, 2020 – 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысы;

6

6) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2021 – 2022, 2022 – 2023, 2023 – 2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 253 қаулысы;

7

7) «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12894 болып тіркелген);

8 8) «Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелген);

9

9) «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген).

3 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

1 1) конкурстық негізде алынатын жоғары білім беру саласындағы әлеуметтік құқықтар мен әлеуметтік кепілдіктерді іске асыру;

2 2) конкурстық негізде алынатын жоғары білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар мен олардың кепілдіктері жүйесінде мемлекеттік саясатты іске асыру;

3 3) конкурстық негізде алынатын жоғары білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар мен олардың кепілдіктері жүйесіндегі қағидаттарды айқындау.

4 4. Конкурстық негізде алынатын жоғары білім берудің ең төмен әлеуметтік стандартының нормалары мен нормативтері:


Нор­ма/нор­ма­тив ата­уы
Нор­ма­ны/нор­ма­тив­ті рет­тей­тін нор­ма­тив­тік құқық­тық акт
Нор­ма/нор­ма­тив бой­ын­ша ең тө­мен әле­умет­тік стан­дарт­қа құқы­ғы бар тұ­лға­лар са­на­ты
Нор­ма/нор­ма­тив кө­ле­мі
1
2
3
4
5
1.
Жо­ға­ры оқу орын­да­ры­на қа­был­дау ке­зін­де­гі мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру гран­ты­ның нор­ма­ти­ві (мөл­ше­рі)
1) «Бі­лім ту­ра­лы» 2007 жы­л­ғы 27 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы;
2) «Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да (Қа­ру­лы Кү­ш­тер, бас­қа да әс­кер­лер мен әс­ке­ри құ­ра­лым­дар, сон­дай-ақ ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар үшін ма­ман­дар да­яр­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын қо­с­па­ған­да) жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі, сон­дай-ақ тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі бар ма­ман­дар да­яр­ла­у­ға 2018 – 2019, 2019 – 2020, 2020 – 2021 оқу жыл­да­ры­на ар­нал­ған мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру тап­сы­ры­сын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2018 жы­л­ғы 16 сәу­ір­де­гі № 199 қа­улы­сы;
3) «Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қа­ру­лы Кү­ш­те­рі, бас­қа да әс­кер­лер мен әс­ке­ри құ­ра­лым­дар, сон­дай-ақ ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар үшін ма­ман­дар да­яр­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын қо­с­па­ған­да) жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі, сон­дай-ақ тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі бар ма­ман­дар да­яр­ла­у­ға 2021 – 2022, 2022 – 2023, 2023 – 2024 оқу жыл­да­ры­на ар­нал­ған мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру тап­сы­ры­сын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2021 жы­л­ғы 20 сәу­ір­де­гі № 253 қа­улы­сы.
Кон­кур­стық негіз­де жал­пы ор­та неме­се тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік неме­се ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ра­тын аза­мат­тығы жоқ адам­дар, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры бо­лып та­был­май­тын ұл­ты қа­зақ адам­дар, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ха­лы­қа­ра­лық шар­тта­ры­мен ай­қын­дал­ған ше­тел­дік­тер.
Мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру гран­ты­ның мөл­ше­рі жыл сай­ын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­ле­ді.
2.
Мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру тап­сы­ры­сы негі­зін­де бі­лім алушы­лар­ға ар­нал­ған сти­пен­ди­я­ның нор­ма­ти­ві (мөл­ше­рі)
«Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да бі­лім алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік сти­пен­ди­я­лар­ды та­ғай­ын­дау, тө­леу қа­ғи­да­ла­рын және олар­дың мөл­шер­ле­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2008 жы­л­ғы 7 ақ­пан­да­ғы № 116 қа­улы­сы.
бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру тап­сы­ры­сы бой­ын­ша күн­діз­гі оқу ны­са­нын­да оқи­тын сту­дент­тер, ин­терн­дер, ма­ги­странт­тар, док­то­рант­тар, дә­рі­гер-ре­зи­дент­тер, жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның дай­ын­дық бө­лім­де­рі­нің тың­да­у­шы­ла­ры.
Мем­ле­кет­тік сти­пен­ди­я­лар­дың мөл­ше­рі «Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да бі­лім алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік сти­пен­ди­я­лар­ды та­ғай­ын­дау, тө­леу қа­ғи­да­ла­рын және олар­дың мөл­шер­ле­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2008 жы­л­ғы 7 ақ­пан­да­ғы № 116 қа­улы­сы­ның 3-тар­ма­ғын­да ай­қын­дал­ған.
3.
Мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру тап­сы­ры­сы негі­зін­де бі­лім алушы­лар­дың же­ңіл­дік­пен жол жү­ру нор­ма­ти­ві
«Тех­ни­ка­лық және кәс­iп­тiк, ор­та бiлiм­нен кей­iн­гi және жо­ға­ры бiлiм­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын ұй­ым­дар­да мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру тап­сы­ры­сы негі­зін­де бі­лім алушы­лар үшін өте­ма­қы­лар тө­леу ар­қы­лы қы­сқы және жаз­ғы ка­ни­кул ке­зе­ңін­де қа­ла­ара­лық те­мір­жол және ав­то­мо­биль (так­си­ден бас­қа) кө­лі­гін­де же­ңіл­дік­пен жол жү­ру­ді қам­та­ма­сыз ету қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 4 жел­тоқ­сан­да­ғы № 677 бұй­ры­ғы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 12894 бо­лып тір­кел­ген).
Мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру тап­сы­ры­сы негі­зін­де бі­лім алушы сту­дент­тер, дай­ын­дық бө­лім­де­рі­нің тың­да­у­шы­ла­ры.
Жол жү­ру­ге ар­нал­ған өте­ма­қы­ның мөл­ше­рі «Тех­ни­ка­лық және кәс­iп­тiк, ор­та бiлiм­нен кей­iн­гi және жо­ға­ры бiлiм­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын ұй­ым­дар­да мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру тап­сы­ры­сы негі­зін­де бі­лім алушы­лар үшін өте­ма­қы­лар тө­леу ар­қы­лы қы­сқы және жаз­ғы ка­ни­кул ке­зе­ңін­де қа­ла­ара­лық те­мір­жол және ав­то­мо­биль (так­си­ден бас­қа) кө­лі­гін­де же­ңіл­дік­пен жол жү­ру­ді қам­та­ма­сыз ету қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 4 жел­тоқ­сан­да­ғы № 677 бұй­ры­ғы­ның (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 12894 бо­лып тір­кел­ген) 5-тар­ма­ғын­да ай­қын­дал­ған.
4.
Жо­ға­ры бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на оқу­ға тү­су ке­зін­де­гі қа­был­дау нор­ма­ти­ві (кво­та­сы)
«Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі және жо­ға­ры бі­лім­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на оқу­ға тү­су ке­зін­де қа­был­дау кво­та­сы­ның мөл­ше­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 28 ақ­пан­да­ғы № 264 қа­улы­сы
1) I, II топ­та­ғы мү­ге­дек­тер, ба­ла ке­зі­нен мү­ге­дек­тер, мү­ге­дек ба­ла­лар ара­сы­нан шық­қан аза­мат­тар;
2) же­ңіл­дік­тер мен ке­піл­дік­тер бой­ын­ша Ұлы Отан со­ғы­сы­ның қа­ты­су­шы­ла­ры мен мү­ге­дек­те­ріне те­ңе­сті­рі­л­ген адам­дар;
3) ауыл­дың әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық да­муын ай­қын­дай­тын ма­ман­дық­тар бой­ын­ша ауыл жаста­ры ара­сы­нан шық­қан аза­мат­тар;
4) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры бо­лып та­был­май­тын ұл­ты қа­зақ адам­дар;
5) же­тім ба­ла­лар және ата-ана­ла­ры­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған ба­ла­лар, сон­дай-ақ кәме­лет­тік жас­қа толған­ға дей­ін ата-ана­сы­нан ай­ы­ры­л­ған неме­се ата-ана­сы­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған жастар қа­та­рын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры;
6) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті ай­қын­да­ған өңір­лер­ге қо­ныс аудар­ған ауыл жаста­ры ара­сы­нан шық­қан Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры;
7) кәме­лет­ке тол­ма­ған төрт және одан көп ба­ла тәр­би­е­леп отыр­ған от­ба­сы­лар­да­ғы ба­ла­лар;
8) ке­мін­де үш жыл то­лық емес от­ба­сы мәр­те­бе­сі бар от­ба­сы­лар­да­ғы ба­ла­лар;
9) ба­ла ке­зі­нен мү­ге­дек ба­ла­лар­ды, бі­рін­ші және екін­ші топ­тар­да­ғы мү­ге­дек­тер­ді тәр­би­е­леп отыр­ған от­ба­сы­лар­да­ғы ба­ла­лар.
Кво­та­лар мөл­ше­рі пай­ы­з­бен «Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі және жо­ға­ры бі­лім­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на оқу­ға тү­су ке­зін­де қа­был­дау кво­та­сы­ның мөл­ше­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 28 ақ­пан­да­ғы № 264 қа­улы­сы­мен ай­қын­дал­ған.
5.
Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар нор­ма­ти­ві
«Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар» са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің 2021 жы­л­ғы 5 та­мы­зда­ғы № ҚР ДСМ-76 бұй­ры­ғы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 23890 бо­лып тір­кел­ген).
Жо­ға­ры бі­лім­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын ұй­ым­дар.
«Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар» са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес:
1) жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ка­би­нет­те­рі мен ауди­то­ри­я­ла­ры үй-жай­ла­ры­ның алаң­да­ры­на;
2) объ­ек­ті­лер­де тұ­ру жағ­дай­ла­ры­на;
3) объ­ек­ті­лер­де­гі та­мақ­та­ну жағ­дай­ла­ры­на;
4) объ­ек­ті­лер­дің үй-жай­ла­рын жөн­де­у­ге және кү­тіп-ұста­у­ға;
5) объ­ек­ті­лер­де ме­ди­ци­на­лық қам­та­ма­сыз ету­ге.
6.
Мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру тап­сы­ры­сы негі­зін­де бі­лім алушы­лар­ды жа­тақ­ха­на­да орын­дар­мен қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі нор­ма
1) «Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар» са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің 2021 жы­л­ғы 5 та­мы­зда­ғы № ҚР ДСМ-76 бұй­ры­ғы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 23890 бо­лып тір­кел­ген);
2) «Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның жа­тақ­ха­на­ла­рын­да­ғы орын­дар­ды бө­лу қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі­нің 2016 жы­л­ғы 22 қаң­тар­да­ғы № 66 бұй­ры­ғы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 13487 бо­лып тір­кел­ген)
Жо­ға­ры бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да бі­лім алушы­лар, оның ішін­де ба­сым тұ­лға­лар:
1) да­му мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі адам­дар, мү­ге­дек­тер және ба­ла ке­зі­нен мү­ге­дек­тер, мү­ге­дек ба­ла­лар, же­тім ба­ла­лар және ата-ана­ла­ры­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған ба­ла­лар, ата-ана­сы­ның бі­ре­уі неме­се еке­уі де мү­ге­дек бо­лып та­бы­ла­тын адам­дар;
2) кәме­лет­тік жас­қа жет­кен­ге дей­ін ата-ана­ла­ры­нан қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған жастар ара­сы­нан адам­дар, же­ңіл­дік­тер мен ке­піл­дік­тер бой­ын­ша Ұлы Отан со­ғы­сы­ның қа­ты­су­шы­ла­ры­на және мү­ге­дек­тер­ге те­ңе­сті­рі­л­ген адам­дар, ауыл­дың әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық да­муын ай­қын­дай­тын бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша оқу­ға түс­кен ауыл жаста­ры ара­сы­нан шық­қан адам­дар, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры бо­лып та­был­май­тын оұл­ты қа­зақ адам­дар;
3) «Мәң­гі­лік ел жаста­ры – ин­ду­стри­я­ға!» («Сер­пін – 2050») жо­ба­сы шең­бе­рін­де­гі бі­лім алушы­лар;
4) «Ал­тын бел­гі» иге­ре­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын бі­рін­ші кур­сқа қа­был­дан­ған бі­лім алушы­лар, Пре­зи­дент­тік, ха­лы­қа­ра­лық және рес­пуб­ли­ка­лық олим­пи­а­да және/неме­се кон­курс же­ңім­па­зы­ның неме­се жүл­де­ге­рі­нің сер­ти­фи­ка­тын ие­лен­ген бі­лім алушы­лар, сон­дай-ақ оқу ор­нын үз­дік бі­тір­ген, бі­лім ту­ра­лы рас­тай­тын құ­жа­ты бар (ку­ә­лік­тер, ат­те­стат, ди­плом) та­лап­кер­лер;
5) Ұлт­тық бі­рың­ғай те­сті­леу неме­се Ке­шен­ді те­сті­леу қор­тын­ды­ла­ры, ұй­ым өт­кіз­ген қа­был­дау ем­ти­ханда­ры неме­се те­сті­леу тү­рін­де пән­дер қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша жо­ға­ры балл жи­на­ған бі­рін­ші кур­сқа оқу­ға қа­был­дан­ған бі­лім алушы­лар
6) оқу, ғы­лы­ми және қо­ғам­дық жұ­мыста жо­ға­ры нәти­же­ле­рі бар жо­ғар­ғы курс сту­дент­те­рі қа­та­рын­да­ғы бі­лім алушы­лар;
7) ұй­ым­ның өзге де бі­лім алушы­ла­ры.
Жа­тақ­ха­на­лар­да­ғы орын­дар кон­кур­стық негіз­де, ар­найы құ­ры­л­ған ко­мис­си­я­мен бө­лі­не­ді.
1 адам­ға ке­мін­де 6 м2 аудан көз­де­ле­ді және 1 бөл­ме­де 4 адам­нан ар­тық тұр­май­ды.

Қолданыстағы