О внесении изменений в постановление акимата Казталовского района Западно-Казахстанской области от 28 января 2016 года № 31 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов на территории Казталовского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Казталовского района Западно-Казахстанской области от 28 января 2016 года № 31 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов на территории Казталовского района»
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 31 «Казталов ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 219
- Қабылданған күні
- 07.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2026 172789_829492.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22ZH030124
- ЭКБ идентификаторы
- 172789
- Редакция идентификаторы
- 172789_829492
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:35
0 Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №31 «Казталов ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Казталов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Казталов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №31 «Казталов ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4258 болып тіркелген) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
реттік нөмірі 9-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
9
Аққурай ауылы
«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Казталов аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық пунктінің ғимаратының алдында, Бейбітшілік көшесі, №12 үй
»;
реттік нөмірі 11-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
11
Саралжын ауылы
«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Казталов аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық пунктінің ғимаратының алдында, Қ.Басымов көшесі, №8/2
»;
реттік нөмірі 14-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
14
Мереке ауылы
«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Казталов аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық пунктінің ғимаратының алдында, Мектеп көшесі, № 12 үй
»;
реттік нөмірі 23-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
23
Саралжын ауылы
Казталов ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының жанындағы Саралжын ауылдық клубы ғимаратының алдында, Саралжын көшесі, №28 үй
»;
реттік нөмірі 24-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
24
Сатыбалды ауылы
Казталов ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының жанындағы Сатыбалды ауылдық клубы ғимаратының алдында, Сатыбалды көшесі, №1/1 үй
»;
реттік нөмірі 38-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
38
Сексенбаев ауылы
«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Казталов аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық пункті ғимаратының алдында, Мектеп көшесі, №3/2 үй
»;
реттік нөмірі 38-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
40
Казталов ауылы
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт баскармасының «Казталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдында, Желтоқсан көшесі, № 31 үй
».
2. «Казталов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Казталов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Казталов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Казталов аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы