Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 337 «Об утверждении методики определения норматива достаточности капитала»

Бұйрық · № 621 · қабылданған 11.09.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2016-no-337/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 337 «Об утверждении методики определения норматива достаточности капитала» Қолданыста Бұйрық ·№ 621 ·11.09.2017
11.09.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 337 «Об утверждении методики определения норматива достаточности капитала»

Қолданыста Бұйрық ·№ 621 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 337 «Об утверждении методики определения норматива достаточности капитала»
Атауы (қаз.)
«Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 337 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
621
Қабылданған күні
11.09.2017
Көрсетілген редакция
11.09.2017 114844_234790.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015701
ЭКБ идентификаторы
114844
Редакция идентификаторы
114844_234790
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:54

0 «Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 337 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 337 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14191 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйырықпен бекітілген Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Капитал жеткіліктілігі нормативінің шекті мәні 0,1 мөлшерінде белгіленеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы