Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 338 «Об утверждении Методики определения размера гарантийного взноса»

Бұйрық · № 197 · қабылданған 05.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2016-no-338/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 338 «Об утверждении Методики определения размера гарантийного взноса» Қолданыста Бұйрық ·№ 197 ·05.06.2025
05.06.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 338 «Об утверждении Методики определения размера гарантийного взноса»

Қолданыста Бұйрық ·№ 197 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 338 «Об утверждении Методики определения размера гарантийного взноса»
Атауы (қаз.)
«Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
197
Қабылданған күні
05.06.2025
Көрсетілген редакция
05.06.2025 211182_764290.kaz
Соңғы өзгеріс
05.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036252
ЭКБ идентификаторы
211182
Редакция идентификаторы
211182_764290
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:01

0 «Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14190 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кепілдік жарнаның мөлшерлемесі Заңның 8-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үй жобасына меншік иесінің қатысу нысаны мен мөлшеріне байланысты болады және мыналарды құрайды:
Меншік иесінің қатысу нысаны
Меншік иесінің қатысу мөлшері *
Кепілдік жарнаның мөлшерлемесі
Аяқталмаған құрылыс
25% - ға дейін
1%
25% - дан жоғары 50% - ға дейін
0,75%
50% жоғары
0,5%
Ақшалай қаражат
10% дан
1%
Құрылыс салушыға жобаны республикалық маңызы бар қалалардан тыс жерлерде іске асыратын тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының бірінші кепілдігін берген кезде, Заңның 8-бабының 3-тармағында көзделген жобаға меншік иесінің қатысуына қойылатын талаптар сақталған жағдайда кепілдік жарнаның мөлшерлемесі 0% -ді құрайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы