Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 340 «Об утверждении типовой формы договора залога голосующих акций (долей участия в уставном капитале) уполномоченной компании» и от 30 сентября 2016 года № 433 «Об утверждении типовой формы договора залога земельного участка вместе с объектом незавершенного строительства

Бұйрық · № 346 · қабылданған 05.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2016-no-340-30-2016-no-433/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 340 «Об утверждении типовой формы договора залога голосующих акций (долей участия в уставном капитале) уполномоченной компании» и от 30 сентября 2016 года № 433 «Об утверждении типовой формы договора залога земельного участка вместе с объектом незавершенного строительства Қолданыста Бұйрық ·№ 346 ·05.09.2025
05.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 340 «Об утверждении типовой формы договора залога голосующих акций (долей участия в уставном капитале) уполномоченной компании» и от 30 сентября 2016 года № 433 «Об утверждении типовой формы договора залога земельного участка вместе с объектом незавершенного строительства

Қолданыста Бұйрық ·№ 346 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 340 «Об утверждении типовой формы договора залога голосующих акций (долей участия в уставном капитале) уполномоченной компании» и от 30 сентября 2016 года № 433 «Об утверждении типовой формы договора залога земельного участка вместе с объектом незавершенного строительства
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» 2016 жылғы 28 шілдедегі № 340 және «Құрылысы аяқталмаған объектімен бірге жер учаскесін кепілге қою шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 433 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
346
Қабылданған күні
05.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
23.09.2025
Көрсетілген редакция
05.09.2025 214056_777505.kaz
Соңғы өзгеріс
05.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036815
ЭКБ идентификаторы
214056
Редакция идентификаторы
214056_777505
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:27

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» 2016 жылғы 28 шілдедегі № 340 және «Құрылысы аяқталмаған объектімен бірге жер учаскесін кепілге қою шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 433 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 340 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14192 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысанында:
7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
7) тіркеу күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Кепіл ұстаушыға тиісті растау құжатын ұсына отырып, 20___ жылдың «___» _________ дейінгі мерзімде осы Шартты «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» акционерлік қоғамында тіркеуге;».

2

2. «Құрылысы аяқталмаған объектімен бірге жер учаскесін кепілге қою шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 433 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14521 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылысы аяқталмаған объектімен бірге жер учаскесінің кепіл шартының үлгілік нысанында:
8-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) кепілді жағдай туындаған кезде уәкілетті органда салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі тіркелгеннен кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жоба бойынша іске асырылмаған жылжымайтын мүлік объектілері кепілге берілсін.»;
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 7 (жеті) жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының уәкілетті мемлекеттік органда объектіні салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі негізінде туындаған жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеуге келісімін не мониторинг нәтижелері бойынша жобаның толық әзірлігінің жоқтығы анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды ұсынсын;».

3 3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы