О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 345 «Об утверждении типовой формы договора о долевом участии в жилищном строительстве»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 345 «Об утверждении типовой формы договора о долевом участии в жилищном строительстве»
- Атауы (қаз.)
- «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 414
- Қабылданған күні
- 05.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 05.12.2024 203755_732413.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035450
- ЭКБ идентификаторы
- 203755
- Редакция идентификаторы
- 203755_732413
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:08
0 «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14185 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шарттың үлгілік нысанында:
мынадай мазмұндағы 5-1 тармағымен толықтырылсын:
«5-1. Пайдалануға берілгеннен кейін тұрғын/тұрғын емес үй-жайдың нақты алаңы өзгерген кезде тараптар техникалық паспорт тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер шартта өзгеше белгіленбесе, нақты алаңы бойынша айырма төлейді.»;
8- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. 1 шаршы метрдің құны бекітілген болып табылады және ұлғайтуға жатпайды.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Уәкілетті компания шартта көзделгенге қатысты пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты алаңының 1,5%-дан астам ұлғаюынан көрінетін жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқығаны үшін жауапты болады.
Үлескердің қосымша алаңының құнын өтеу сомасы осы жағдайда алаңның 1,5% - құнынан аспауға тиіс.».