Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 декабря 2016 года № 346 «Об утверждении Правил о деятельности организаций образования в сфере спорта»

Бұйрық · № 341 · қабылданған 30.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2016-no-346-ekb-137938/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 декабря 2016 года № 346 «Об утверждении Правил о деятельности организаций образования в сфере спорта» Қолданыста Бұйрық ·№ 341 ·30.12.2019
30.12.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 декабря 2016 года № 346 «Об утверждении Правил о деятельности организаций образования в сфере спорта»

Қолданыста Бұйрық ·№ 341 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 декабря 2016 года № 346 «Об утверждении Правил о деятельности организаций образования в сфере спорта»
Атауы (қаз.)
«Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
341
Қабылданған күні
30.12.2019
Көрсетілген редакция
30.12.2019 137938_437791.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019832
ЭКБ идентификаторы
137938
Редакция идентификаторы
137938_437791
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:49

0 «Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
7-бабы 60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 бұйрығына

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14758 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Оқу қызметін ұйымдастыру академиялық күнтізбе, оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады.
Оқу қызметінің құрылымы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген, «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарларының оқу жүктемесі көлемінің академиялық кезеңдер ұзақтылығының, академиялық сабақтар түрлерінің, оқу материалы көлемінің негізінде қалыптасады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің

Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі

Қолданыстағы