Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра энергетики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 347 «Об утверждении положений территориальных органов, находящихся в ведении Министерства энергетики Республики Казахстан»

Бұйрық · № 81 · қабылданған 03.03.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2016-no-347-ekb-110344/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра энергетики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 347 «Об утверждении положений территориальных органов, находящихся в ведении Министерства энергетики Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 81 ·03.03.2017
03.03.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра энергетики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 347 «Об утверждении положений территориальных органов, находящихся в ведении Министерства энергетики Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 81 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра энергетики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 347 «Об утверждении положений территориальных органов, находящихся в ведении Министерства энергетики Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
81
Қабылданған күні
03.03.2017
Көрсетілген редакция
03.03.2017 110344_165321.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
D1700000081
ЭКБ идентификаторы
110344
Редакция идентификаторы
110344_165321
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:54

0 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы

аумақтық органдарының ережелерін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2016 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 шілдедегі №347 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«5-1) бақылаудағы аумақ шеңберінде жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін оларды қабылдауды жүзеге асырады»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінің:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«5-1) бақылаудағы аумақ шеңберінде жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін оларды қабылдауды жүзеге асырады».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялау үшін жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы энергетика бірінші вице – министрі М.Ж. Досмұхамбетовке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы