Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 347 «Об утверждении положений территориальных органов, находящихся в ведении Министерства энергетики Республики Казахстан»

Бұйрық · № 319 · қабылданған 24.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2016-no-347-ekb-185482/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 347 «Об утверждении положений территориальных органов, находящихся в ведении Министерства энергетики Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 319 ·24.08.2023
24.08.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 347 «Об утверждении положений территориальных органов, находящихся в ведении Министерства энергетики Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 319 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 347 «Об утверждении положений территориальных органов, находящихся в ведении Министерства энергетики Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
319
Қабылданған күні
24.08.2023
Көрсетілген редакция
24.08.2023 185482_652372.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23JVM00319
ЭКБ идентификаторы
185482
Редакция идентификаторы
185482_652372
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:09

0 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 15-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары және міндеттері»;
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Басқарма жұмысын ұйымдастыру»;
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Басқарманың мүлкі»;
5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату».
14-тармақтың 21) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«21) құзыреті шегінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының стратегиялық мақсаттарына және міндеттеріне, индикаторларына және іс-шараларына жетуді қамтамасыз етеді және Министрліктің Стратегиялық даму департаментіне олардың орындалуы бойынша растайтын ақпаратты ұсынады;»;
15-тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«4) «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ-дан мұнай мен газды және мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, өңдеу көлемдері туралы ақпаратты сұратуға;
5) «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ-дан жер қойнауын пайдаланушылар бойынша ақпаратты, оның ішінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы оқытулар және т.б. бойынша мониторинг нәтижелерін сұратуға;
6) «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ-дан жер қойнауын пайдаланушылармен жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезінде сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің тізбесін сұратуға;
«7) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ-дан жетекшілік ететін салалардағы қажетті ақпаратты (есептер, түскен шағымдар мен жолданымдар, қолайсыз жағдайлар (авариялар) және т.б. бойынша) сұратуға;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары және міндеттері»;
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Басқарма жұмысын ұйымдастыру»;
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Басқарманың мүлкі»;
5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату».
14-тармақтың 21) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«21) құзыреті шегінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының стратегиялық мақсаттарына және міндеттеріне, индикаторларына және іс-шараларына жетуді қамтамасыз етеді және Министрліктің Стратегиялық даму департаментіне олардың орындалуы бойынша растайтын ақпаратты ұсынады;»;
15-тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«4) «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ-дан мұнай мен газды және мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, өңдеу көлемдері туралы ақпаратты сұратуға;»;
5) «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ-дан жер қойнауын пайдаланушылар бойынша ақпаратты, оның ішінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы оқытулар және т.б. бойынша мониторинг нәтижелерін сұратуға;
6) «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ-дан жер қойнауын пайдаланушылармен жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезінде сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің тізбесін сұратуға;
«7) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ-дан жетекшілік ететін салалардағы қажетті ақпаратты (есептер, түскен шағымдар мен жолданымдар, қолайсыз жағдайлар (авариялар) және т.б. бойынша) сұратуға;».

2

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және оның аумақтық органдарының интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бір ай мерзімде бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, әділет органдарына хабарласын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы