О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 36 «Об утверждении Правил проведения Национальным Банком Республики Казахстан операций по конвертации и реконвертации иностранной валюты для клиентов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 36 «Об утверждении Правил проведения Национальным Банком Республики Казахстан операций по конвертации и реконвертации иностранной валюты для клиентов»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 49
- Қабылданған күні
- 27.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2020 121175_441824.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016800
- ЭКБ идентификаторы
- 121175
- Редакция идентификаторы
- 121175_441824
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:10
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің клиенттер үшін шетел
валютасын айырбастау және қайта
айырбастау бойынша операцияларды
жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2016 жылғы
28 қаңтардағы № 36 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 36 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13279 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Есеп айырысу бөлімшесі инвестициялық қызметке байланысты емес операциялар үшін шетел валютасын айырбастауды жүзеге асырады және шетел валютасын айырбастау бойынша жүргізілетін операциялардың мақсаттарын нақтылау үшін клиенттен қосымша ақпарат сұратады.»;
4-тармақ алып тасталсын;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ұлттық Банк клиенттен валюта туралы және операциялық күннің кестесіне сәйкес алда болатын айырбастау сомасы туралы мәліметтер қабылдайды.
6. Клиенттен алда болатын шетел валютасын айырбастау сомалары туралы мәліметтерді алғаннан кейін есеп айырысу бөлімшесі Ұлттық Банктің позициясында шетел валютасы жеткіліксіз болған жағдайда сауда бөлімшесіне Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген шетел валютасын сатып алуға арналған жиынтық ордерді ұсынады.».
2 2. Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы (Баймұқанов Ж.С.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;