О внесении изменений в решение районного маслихата от 28 марта 2016 года № 360-V «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Индерскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 28 марта 2016 года № 360-V «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Индерскому району»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 28 наурыздағы № 360-V «Индер ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 291-VI
- Қабылданған күні
- 16.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2021 131777_536121.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19TF004410
- ЭКБ идентификаторы
- 131777
- Редакция идентификаторы
- 131777_536121
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:55
0 Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 28 наурыздағы №360-V «Индер ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу
туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 28 наурыздағы №360-V «Индер ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №3483 санымен тіркелген, 2016 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы реттік нөмірі 6-жолдағы:
«1 адам» деген сөз «1 келіп кету» деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 7-жолдағы:
«Ауруханалар» деген сөз «Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді, мемлекеттік тілдегі реттік нөмірі 8-жолдағы:
«1 отырғызылатын орын» деген сөздер «1 отыратын орын» деген сөздермен ауыстырылсын.