О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2016 года № 374 «О распределении и Правилах использования средств целевого трансферта из Национального фонда Республики Казахстан на реализацию проектов по содействию устойчивому развитию и росту Республики Казахстан, осуществляемых совместно с международными финансовыми организациями в рамках рамочных соглашений о партнерстве»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2016 года № 374 «О распределении и Правилах использования средств целевого трансферта из Национального фонда Республики Казахстан на реализацию проектов по содействию устойчивому развитию и росту Республики Казахстан, осуществляемых совместно с международными финансовыми организациями в рамках рамочных соглашений о партнерстве»
- Атауы (қаз.)
- «Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын бөлу және пайдалану қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 374 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 495
- Қабылданған күні
- 31.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2016 105899_Some(109562).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000495
- ЭКБ идентификаторы
- 105899
- Редакция идентификаторы
- 105899_Some(109562)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:54
0
«Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын бөлу және пайдалану қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 374 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын бөлу және пайдалану қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 374 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2016 жылға арналған нысаналы трансферт қаражатын бөлуде:
«3. Бағдарламалық жобаларды іске асыруға» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 2, 3-жолдармен толықтырылсын:
«
2.
Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
1 305
ҰЭМ
ДБ
3.
Өнімді инновацияларды ынталандыру
944 000
БҒМ
ДБ
».