О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2016 года № 374 «О распределении и Правилах использования средств целевого трансферта из Национального фонда Республики Казахстан на реализацию проектов по содействию устойчивому развитию и росту Республики Казахстан, осуществляемых совместно с международными финансовыми организациями в рамках рамочных соглашений о партнерстве»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2016 года № 374 «О распределении и Правилах использования средств целевого трансферта из Национального фонда Республики Казахстан на реализацию проектов по содействию устойчивому развитию и росту Республики Казахстан, осуществляемых совместно с международными финансовыми организациями в рамках рамочных соглашений о партнерстве»
- Атауы (қаз.)
- «Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын бөлу және пайдалану қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 374 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 776
- Қабылданған күні
- 06.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2016 108112_128088.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000776
- ЭКБ идентификаторы
- 108112
- Редакция идентификаторы
- 108112_128088
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:02
0
«Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын бөлу және пайдалану қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 374 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын бөлу және пайдалану қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 374 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2016 жылға арналған нысаналы трансферт қаражатын бөлуде:
«2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға» деген бөлімде: реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.
Өскемен қаласындағы қоршаған ортаны қалпына келтіру.Өскемен қаласында су ресурстарын қорғау және өнеркәсiп ластаған жерасты суларын қалпына келтiру
205519
АШМ
ДБ
»;
«3. Бағдарламалық жобаларды іске асыруға» деген бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын
ынталандыру
41260
ДСӘДМ
ДБ
»;
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.
Өнімді инновацияларды ынталандыру
152606
БҒМ
ДБ
»;
«4. Техникалық көмек іс-шараларын іске асыруға» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:
«
4.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қарағанды қаласындағы «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жанынан 300 төсектік көпбейінді клиникалық аурухана салу және оны пайдалануға беру
54000
ДСӘДМ
АДБ
»;
«5. Үшжақты келісімдердің шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға
арналған нысаналы даму трансферттері» деген бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
Қостанай облысы
240000
8.
Қостанай қаласында сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту
240000
ҰЭМ
ЕҚДБ
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-бөліммен толықтырылсын:
«
7. ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды дайындауға және сүйемелдеуге
1.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қарыз беру жөніндегі жобаларды дайындауға және сүйемелдеуге
2025367
ҰЭМ
ЕҚДБ
»;
мына:
«
Жиыны
10121048
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Жиыны
12332643
».