Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2016 года № 403 "Об утверждении Правил выплаты акционерным обществом "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана" компенсации по вкладам в жилищные строительные сбережения"

Бұйрық · № 794 · қабылданған 15.11.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2016-no-403-ekb-107798/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2016 года № 403 "Об утверждении Правил выплаты акционерным обществом "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана" компенсации по вкладам в жилищные строительные сбережения" Қолданыста Бұйрық ·№ 794 ·15.11.2016
15.11.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2016 года № 403 "Об утверждении Правил выплаты акционерным обществом "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана" компенсации по вкладам в жилищные строительные сбережения"

Қолданыста Бұйрық ·№ 794 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2016 года № 403 "Об утверждении Правил выплаты акционерным обществом "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана" компенсации по вкладам в жилищные строительные сбережения"
Атауы (қаз.)
"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
794
Қабылданған күні
15.11.2016
Көрсетілген редакция
15.11.2016 107798_124514.kaz
Соңғы өзгеріс
15.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014460
ЭКБ идентификаторы
107798
Редакция идентификаторы
107798_124514
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:17

0 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысының 10-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13764 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша өтемақы төлеу қағидаларында:
8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өтемақыны төлеу осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес үш кезеңде жүзеге асырылады:
2016 жылы екі кезең;
2017 жылы бір кезең.
9. 2016 жылы өтемақыны есептеу 2016 жылғы 1 тамызға дейін және 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін:
1) салымшыда қол қойылған қосымша келісімі;
2) қарыз алушыда берілген өтініші болған кезде жүзеге асырылады»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Өтемақы мөлшерін есептеу үшін 2015 жылғы 18 тамыздағы және 2015 жылғы 20 тамыздағы Астана уақытымен сағат 11.00-дегі жай-күйі бойынша «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының таңғы (негізгі) сессиясында қалыптасқан Америка Құрама Штаттары долларына шаққандағы ұлттық валютаның (теңге) орташа алынған биржалық бағамы пайдаланды.
Өтемақы коэффициенті тұрғын үй құрылыс жинақтарына салым сомасының 35,5%-ды құрайды, оның ішінде: 2016 жылы 19,7%, оның 12,7%-ы республикалық бюджеттен және 7%-ы Банк қаражатынан; 2017 жылы 15,8%, оның 8,8%-ы республикалық бюджеттен және 7%-ы Банк қаражатынан.»;
2016 жылы бөлінген республикалық бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, Банк өз қаражаты есебінен жинақ шотына/салымшылардың шотына немесе ағымдағы шотқа/қарыз алушылардың шотына жетіспейтін өтемақы сомасын есептеуді жүзеге асырады. 2016 жылы төленген Банктің осы қаражаты бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне дебиторлық берешек шоттарында Банктің бухгалтерлік есебінде көрсетіледі.
2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заң бекітілгеннен кейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Банк өз қаражатының есебінен жинақ шотына/салымшылардың шотына немесе ағымдағы шотқа/ қарыз алушылардың шоттарының есебіне жатқызған өтемақының жетіспейтін сомасын Банктің шотына аударады»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Банк 2016 жылғы 15 тамызға, 2017 жылғы 20 қаңтарға және 2017 жылғы 15 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне салымшыға және қарыз алушыға өтемақы төлеу үшін алынған қаражаттарды нысаналы пайдалану туралы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, есепті ұсынады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Активтерді басқару департаменті (Ә. Ботанова):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 16 қараша
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 17 қараша

Қолданыстағы