Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 июня 2016 года № 576 «Об утверждении формы индивидуальной карты занятости и правила ее ведения»

Бұйрық · № 161 · қабылданған 12.05.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2016-no-576/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 июня 2016 года № 576 «Об утверждении формы индивидуальной карты занятости и правила ее ведения» Күшін жойған Бұйрық ·№ 161 ·12.05.2022
01.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 июня 2016 года № 576 «Об утверждении формы индивидуальной карты занятости и правила ее ведения»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 161 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 июня 2016 года № 576 «Об утверждении формы индивидуальной карты занятости и правила ее ведения»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы» 2016 жылғы 28 маусымдағы № 576 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
161
Қабылданған күні
12.05.2022
Көрсетілген редакция
01.09.2023 167696_654082.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028059
ЭКБ идентификаторы
167696
Редакция идентификаторы
167696_654082
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:59

0 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы» 2016 жылғы 28 маусымдағы № 576 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы» 2016 жылғы 28 маусымдағы № 576 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14056 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-қосымшада:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке бас деректерін енгізе отырып жүгінгендер, жұмыспен қамту тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шаралары және олардың орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау туралы мәліметтерді жинауға арналған.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының және Орталықтардың қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;».

2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті белгіленген заңнамалық тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Бірыңғай байланыс-орталығына акпарат беруді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы