О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 950 «Правила организации и проведения курсов повышения квалификации педагогов, а также посткурсового сопровождения деятельности педагога»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 950 «Правила организации и проведения курсов повышения квалификации педагогов, а также посткурсового сопровождения деятельности педагога»
- Атауы (қаз.)
- «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 556
- Қабылданған күні
- 08.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 08.11.2021 160061_544769.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100025068
- ЭКБ идентификаторы
- 160061
- Редакция идентификаторы
- 160061_544769
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:04
0 «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13420 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Курстарды педагогтердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын келесі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - Ұйым) өткізеді: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру, сауықтыру орталығы, Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институты, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, меншік нысанына қарамастан және Жарғыға сәйкес курстар өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орындары, заңды тұлғалар, сондай-ақ облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әдістемелік кабинеттері.
Шетелде курстарды білім беру саласындағы уәкілетті орган, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Орталық), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары тиісті бюджеттер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен ұйымдастырады.
Шетелде курстарды шетелдік білім беру ұйымдары, педагогтердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтары (бұдан әрі - Шетелдік ұйым) Ұйым мен Шетелдік ұйым арасында жасалған біліктілікті арттыру бойынша қызмет көрсету шарты және шетелде Курстар өткізу кестесі негізінде жүргізеді. Шетелде өтетін курстардың қорытындылары бойынша курстан кейінгі қолдау және мониторинг талап етілмейді.».