О внесении изменении в решение Таразского городского маслихата от 28 сентября 2016 года №9-5 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Тараз»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении в решение Таразского городского маслихата от 28 сентября 2016 года №9-5 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Тараз»
- Атауы (қаз.)
- «Тараз қаласында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №9-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4-5
- Қабылданған күні
- 16.06.2023
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 16.06.2023 183344_642271.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23GA005046
- ЭКБ идентификаторы
- 183344
- Редакция идентификаторы
- 183344_642271
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:21
0 «Тараз қаласында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №9-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Тараз қаласында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін және айқындау туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №9-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3184 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Тараз қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тараз қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшаның атауы жаңа редакцияда жазылсын:
«Тараз қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері».