Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 февраля 2017 года № 103 «Об утверждении Методики по проведению обследования товарных рынков, на которых будут создаваться государственные предприятия и юридические лица, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированные с ними юридические лица и (или) осуществляться ими дополнительные виды деятельности»

Бұйрық · № 228 · қабылданған 27.06.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2017-no-103/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 февраля 2017 года № 103 «Об утверждении Методики по проведению обследования товарных рынков, на которых будут создаваться государственные предприятия и юридические лица, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированные с ними юридические лица и (или) осуществляться ими дополнительные виды деятельности» Қолданыста Бұйрық ·№ 228 ·27.06.2018
27.06.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 февраля 2017 года № 103 «Об утверждении Методики по проведению обследования товарных рынков, на которых будут создаваться государственные предприятия и юридические лица, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированные с ними юридические лица и (или) осуществляться ими дополнительные виды деятельности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 228 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 февраля 2017 года № 103 «Об утверждении Методики по проведению обследования товарных рынков, на которых будут создаваться государственные предприятия и юридические лица, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированные с ними юридические лица и (или) осуществляться ими дополнительные виды деятельности»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 103 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
228
Қабылданған күні
27.06.2018
Көрсетілген редакция
27.06.2018 123543_339122.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017180
ЭКБ идентификаторы
123543
Редакция идентификаторы
123543_339122
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:54

0

«Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 103 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 103 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14948 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемеге 1-қосымшада:
мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлға және олармен үлестес заңды тұлғалар құру туралы өтінішхат нысанына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлға және олармен үлестес заңды тұлғалар (бұдан әрі – нарық субьектісі) құруға келісім алу үшін монополияға қарсы органның ведомствосына ұсынылатын материалдар мен мәліметтер тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2018 жылғы 27 маусымдағы
№ 228 бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу
пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлға және олармен үлестес заңды
тұлғалар құру туралы өтінішхат нысанына
қосымша
Мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлға және олармен үлестес заңды тұлғалар (бұдан әрі – нарық субьектісі) құруға келісім алу үшін монополияға қарсы органның ведомствосына ұсынылатын материалдар мен мәліметтер тізбесі
1
Байланыстырушы адам
Оның өкілеттерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, мекенжайы, телефоны көрсетіледі
2
Нарық субъектісін құру мақсаты
Нарық субъектісін құрудың негіздемелері тізіп көрсетіледі. Жоспарланатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жеке сектор немесе жұмыс істеп тұрған квазимемлекеттік сектор субъектілері іске асыра алмайтын себептері көрсетіледі
3
Құрылатын нарық субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны
Ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіледі
4
Құрылатын нарық субъектісінің қызмет түрлері
Құрылатын нарық субъектісі қызметінің барлық түрлері (статистикалық кодтарды көрсете отырып) тізіп көрсетіледі
5
Құрылатын нарық субъектісінің жарғылық капиталының шамасы
Оны қалыптастыру көзін көрсете отырып, жарғылық капиталдың сомасы көрсетіледі
6
Құрылатын нарық субъектісінің санаты (шағын, орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісі)
Құрылатын нарық субъектісі жұмыскерлерінің орташа жылдық саны және орташа жылдық кірісі көрсетіледі (құрылатын нарық субъектісінің санатын айқындау мақсатында)
7
Құрылатын нарық субъектісінің құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер
1) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
2) құрылатын нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) саны және олардың номиналдық құны;
3) құрылатын нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығы бар акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) жалпы санынан пайыздардағы үлесі;
4) құрылатын нарық субъектісіне қатысты құқықтар мен өкілеттіктер.
8
Құрылатын нарық субъектісімен бір адамдар тобына кіретін адамдар туралы мәліметтер
Атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, құрылатын нарық субъектісі құрылтайшыларының (қатысушыларның) әрқайсысын тікелей және жанама бақылайтын адамдар туралы мәліметтер
Атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, өзге де заңды, оның ішінде шетелдік тұлғаларда құрылатын нарық субъектісі құрылтайшыларының (қатысушыларының) әрқайсысын тікелей және жанама бақылайтын адамдардың қатысуы туралы мәліметтер
Атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, өзге де заңды, оның ішінде шетелдік тұлғаларда құрылатын нарық субъектісі құрылтайшыларынан (қатысушыларынан) әрқайсысының тікелей және жанама қатысуы туралы мәліметтер
9
Құрылатын нарық субъектісінің қызметін жүзеге асыру жоспарланып отырған тауар нарығының шекаралары
Өткізуге жоспарланып отырған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) әрқайсысының тұтынушылық қасиеті, олардың басқа тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) өзара алмастырылуы жөнінде мәліметтер
Құрылатын нарық субъектісінің өнімдері өткізілетін аумақтардың әкімшілік шекаралары (аудан, қала, облыс)
10
Құрылатын нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауарларда (жұмыста, көрсетілетін қызметтерде) қажеттіліктің жалпы көлемдері туралы мәліметтер
Мәліметтер құрылатын нарық субъектісі жүзеге асыратын қызметтің әрбір түрі бойынша (заттай көрсеткіштерде) ұсынылады
11
Құрылған сәттен бастап үш жылдық кезеңге құрылатын нарық субъектісінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізудің жоспарланып отырған көлемдері
Мәліметтер құрылатын нарық субъектісі жүзеге асыратын қызметтің әрбір түрі бойынша (құндық және заттай көрсеткіштерде) ұсынылады
12
Құрылатын нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) әлеуетті тұтынушыларының тізбесі
Барлық әлеуетті тұтынушылар тізіп көрсетіледі. Құрылатын нарық субъектісі қызметінің әрбір түрінің жалпы көлемінде үлесі 25 %-дан асатын көрсетілетін қызметті тұтынушылар туралы мәліметтер жеке ұсынылады
13
Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнаманың шеңберінде МЖӘ тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісі құру мүмкіндігін қарау
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісін құру туралы мүддесін білдіруін сұрату:
нарық субъектісін құру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органдардың немесе заңды тұлғалардың;
мемлекеттік кәсіпкерлікті құру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың;
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының (республикалық жобалар бойынша) не сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген (республикалық жобалар бойынша) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғалардың ресми интернет-ресурсында орналастырылады (жергілікті жобалар бойынша);
Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, оның аумақтық бөлімшелері (филиалдары/ өкілдіктері), сондай-ақ өтінішхат беру сәтіне дейін кемінде күнтізбелік 30 күнтізбелік күн жария талқылау үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің бастамашылық етілген жобаларының ерекшеліктеріне байланысты өзге интернет-ресурстарда және мерзімді баспасөз басылымдарында ақпаратты орналастыру.
Жария талқылаулар өткізу қорытындылары көрсетіледі:
Нарық субъектісін, Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын не жергілікті атқарушы органдар айқындаған сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын, оның аумақтық бөлімшелерін (филиалдар/ өкілдіктер) құру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның немесе заңды тұлғаның ресми сайтынан жария тыңдаулар Хаттамасы ұсынылады
14
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан, оның аумақтық бөлімшелерінен, МЖӘ дамыту орталықтарынан не МЖӘ жобаларына сараптама жүргізуге уәкілетті жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғалардан алынған мәліметтер
МЖӘ дамыту орталығының (республикалық жобалар бойынша) не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған, сараптама жүргізуге уәкілетті (жергілікті жобалар бойынша) заңды тұлғалардың;
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, оның аумақтық бөлімшелерінің (филиалдарының/өкілдіктерінің) мемлекеттік кәсіпорынды құрудың орындылығы туралы ұстанымы ұсынылады.
15
Өз қызметін ұқсас не өзара алмастыратын тауар нарығында жүзеге асыратын нарық субъектілері туралы мәліметтер
Осы географиялық шекараларда ұқсас не өзара алмастыратын қызмет түрлерін жүзеге асыратын бар бәсекелестер туралы ақпарат ұсынылады
16
Құрылатын нарық субъектісін қаржыландыру көздері, оның ішінде мемлекет тапсырысын орындау арқылы.
Қаржыландыру көзін көрсете отырып (цифрлық және пайыздық арақатынаста) құрылатын нарық субъектісінің құрылған сәтінен бастап үш жылдық кезеңге арналған болжамды кірістері, сондай-ақ болжанатын рентабельділігі көрсетіледі
17
Құрылатын нарық субъектісі қызметінің кезеңі
Өтемділігін ескере отырып және акциялардың кемінде 50%, (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеліктен шығарудың ықтимал мерзімін көрсетумен құрылатын нарық субъектісі қызметінің болжанатын мерзімі көрсетіледі
18
Құрылатын нарық субъектісі өткізуін жүзеге асыруды жоспарлап отырған өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жалпы көлемі
Құрылатын нарық субъектісі өз өнімдерін (тауарды, жұмыстарын, қызметтерін) өткізуді жоспарлап отырған нарықтың географиялық шекаралары шегінде тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу айналымының, олардың экспорты мен импортының көлемі жөнінде мәліметтер ұсынылады
Өткізу көлемдері күнтізбелік жылға және ұсынылған жылдың басынан бастап соңғы есепті кезеңге статистикалық және кедендік кодтары көрсетіле отырып, заттай және құндық көрсеткіштерде көрсетіледі
19
Құрылатын нарық субъектісі өткізуін жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауарлар экспорты мен импортының жалпы көлемі
20
Өтінішхатты қарауға қажетті қосымша материалдар
Құрылатын нарық субъектісінің Жарғы жобасының көшірмесі (мемлекеттік және орыс тілдерінде)
Егер нарық субьектісі қайта құру арқылы құрылатын болса, нарық субъектісінің қолданыстағы Жарғысының көшірмесі (мемлекеттік және орыс тілдерінде)
📌 Ескертпе. Әрбір сұраққа толық жауап беріледі. Толық ақпарат беруге мүмкіндік болмаған жағдайда, бағалау және болжамдық ақпаратты, оның бағалау немесе болжамдық болып табылатынын көрсете отырып береді, сондай-ақ ақпараттың алынған көздері мен пайдаланылған бағалау және болжам жасау әдістері көрсетіледі.

Қолданыстағы