О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 28 сентября 2017 года № 1202 «Об утверждении Типового устава (общего положения) государственного учреждения, за исключением государственного учреждения, являющегося государственным органом и Типового устава государственного предприятия»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 28 сентября 2017 года № 1202 «Об утверждении Типового устава (общего положения) государственного учреждения, за исключением государственного учреждения, являющегося государственным органом и Типового устава государственного предприятия»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 28 қыркүйектегі 2017 жылғы № 1202 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 735
- Қабылданған күні
- 31.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 21.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2026 I228483_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039491
- ЭКБ идентификаторы
- 228483
- Редакция идентификаторы
- I228483_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 11.08.2026 03:32
0 «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының
28 қыркүйектегі 2017 жылғы№ 1202 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1202 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15813 болып тіркелді) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысы:
22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мен оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету үшін құрылымдық бөлімше немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам айқындалады.
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы, жұмыскерлері немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам осы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің, атқарушы органы мен өзге де алқалы органдарының құрамына сайлана алмайды.
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам өз өкілеттіктерін байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органынан, лауазымды адамдарынан тәуелсіз жүзеге асырады, байқау кеңесіне есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болады.
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамның құзыреті, жұмысын ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже негізінде байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ішкі актісінде айқындалады.
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.».