Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 28 сентября 2017 года № 1202 «Об утверждении Типового устава (общего положения) государственного учреждения, за исключением государственного учреждения, являющегося государственным органом и Типового устава государственного предприятия»

Бұйрық · № 735 · қабылданған 31.07.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2017-no-1202-ekb-228483/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 28 сентября 2017 года № 1202 «Об утверждении Типового устава (общего положения) государственного учреждения, за исключением государственного учреждения, являющегося государственным органом и Типового устава государственного предприятия» Қолданыста 31.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 28 сентября 2017 года № 1202 «Об утверждении Типового устава (общего положения) государственного учреждения, за исключением государственного учреждения, являющегося государственным органом и Типового устава государственного предприятия»

Қолданыста Бұйрық № 735 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 28 сентября 2017 года № 1202 «Об утверждении Типового устава (общего положения) государственного учреждения, за исключением государственного учреждения, являющегося государственным органом и Типового устава государственного предприятия»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 28 қыркүйектегі 2017 жылғы № 1202 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
735
Қабылданған күні
31.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
21.08.2026
Көрсетілген редакция
31.07.2026 228483_841491.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039491
ЭКБ идентификаторы
228483
Редакция идентификаторы
228483_841491
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.09.2026 03:41
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының

28 қыркүйектегі 2017 жылғы№ 1202 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1202 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15813 болып тіркелді) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысы:
22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мен оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету үшін құрылымдық бөлімше немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам айқындалады.
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы, жұмыскерлері немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам осы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің, атқарушы органы мен өзге де алқалы органдарының құрамына сайлана алмайды.
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам өз өкілеттіктерін байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органынан, лауазымды адамдарынан тәуелсіз жүзеге асырады, байқау кеңесіне есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болады.
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамның құзыреті, жұмысын ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже негізінде байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ішкі актісінде айқындалады.
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.».

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтын мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.