О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 июня 2017 года № 193 «Об утверждении Правил ведения Государственного каталога музейного фонда Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 июня 2017 года № 193 «Об утверждении Правил ведения Государственного каталога музейного фонда Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 398
- Қабылданған күні
- 30.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2022 176775_617579.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200031539
- ЭКБ идентификаторы
- 176775
- Редакция идентификаторы
- 176775_617579
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:51
0 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 193 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15403 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік каталогты осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде электронды түрде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Ұлттық музей) жүргізеді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік каталогтан музей заттары және музей коллекциялары жөніндегі мәліметтің шығарылуы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 372 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12822 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығының 21-қосымшасына сәйкес музейлер ұсынылған музей заттары және музей коллекцияларын есептен шығару туралы актісі негізінде жүзеге асырады.».