Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Кобдинского района от 28 ноября 2017 года № 271 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность»

Қаулы · № 287 · қабылданған 20.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2017-no-271-ekb-137321/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Кобдинского района от 28 ноября 2017 года № 271 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность» Қолданыста Қаулы ·№ 287 ·20.12.2019
20.12.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Кобдинского района от 28 ноября 2017 года № 271 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность»

Қолданыста Қаулы ·№ 287 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Кобдинского района от 28 ноября 2017 года № 271 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность»
Атауы (қаз.)
Қобда аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 271 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
287
Қабылданған күні
20.12.2019
Көрсетілген редакция
20.12.2019 137321_432867.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19CG006575
ЭКБ идентификаторы
137321
Редакция идентификаторы
137321_432867
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:14

0 Қобда аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 271 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18 бабының 22) тармақшасына және 31 бабына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қобда аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 271 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5739 болып тіркелген, 2018 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларында:
7 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» қаулысымен белгiленген тәртіп бойынша пайдаланылады.».

2 2. «Қобда ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы