Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 августа 2017 года № 364 «Об утверждении Правил перевода земель других категорий в земли лесного фонда»

Бұйрық · № 174 · қабылданған 02.06.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2017-no-364/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 августа 2017 года № 364 «Об утверждении Правил перевода земель других категорий в земли лесного фонда» Қолданыста Бұйрық ·№ 174 ·02.06.2021
02.06.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 августа 2017 года № 364 «Об утверждении Правил перевода земель других категорий в земли лесного фонда»

Қолданыста Бұйрық ·№ 174 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 августа 2017 года № 364 «Об утверждении Правил перевода земель других категорий в земли лесного фонда»
Атауы (қаз.)
«Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 364 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
174
Қабылданған күні
02.06.2021
Көрсетілген редакция
02.06.2021 156348_527289.kaz
Соңғы өзгеріс
02.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022963
ЭКБ идентификаторы
156348
Редакция идентификаторы
156348_527289
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:58

0 «Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 364 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 364 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15901 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басқа санаттағы жерді орман қорының жеріне ауыстыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ені 10 метр және одан да көп, алаңы 0,05 гектар және одан да көп табиғи және (немесе) жасанды жолмен өскен ормандар көмкерген басқа санаттағы жерлер мемлекеттік орман қоры жерлеріне ауыстырылуы, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға орман шаруашылығының мұқтаждары үшін, оның ішінде орман өсіру мақсаттары үшін тұрақты жер пайдалануға берілетін орман емес жерлер ауыстырылуы мүмкін;»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Басқа санаттардағы жерлер орман қоры жерлеріне ауыстырылғаннан кейін жергілікті атқарушы орган қаулы қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны мынадай құжаттарды қоса бере отырып, орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға жібереді:
1) учаскені таңдау туралы акт;
2) орман мекемесі басшысының жазбаша келісімі;
3) орман мекемесі қарамағындағы мемлекеттік органның жазбаша келісімі;
4) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің жазбаша келісімі;
5) комиссияның оң қорытындысы;
6) басқа санаттағы жерлерді орман қоры жерлеріне ауыстыру туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының көшірмелері.»;
14-тармақ алынып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қолданыстағы